369
Асептикалық блокта тыңғылықты жинап-сүртуді сатылап жүргізу қажет.
Алдымен есік пен қабырғаларды, төбеден еденге қарай жуып сүртеді. Одан
кейін стационарлық жабдықтарды жуып дезинфекциялайды, олардың
астыңғы бөлігін тазалап, ең соңында еден жуылады. Үй-жайды
дезинфекциялағаннан кейін бактерицидтік шамдарды екі сағат қосып қояды.
Асептикалық блокқа кіре берісте, өлшемі 40х40 см болатын, ауысымда
бір рет дезинфекциялайтын ерітіндімен шыланып отыратын кеуекті
резеңкеден жасалған кілемшелер төселеді. Асептикалық блокта жұмыс
істейтін қызметшілер санитарлық талаптар мен асептикалық жағдайларда
жұмыс істеу ережелерін білуі керек. Асептикалық блокта жұмыс істемейтін
қызметшілердің онда кіруіне мүлде тыйым салынады. Стерильдеуге ынғайлы
болу үшін, стол таразылары тот баспайтын болаттан жасалған, ал қол
таразылардың - металдық майда тізбекшеге (шынжырға) ілінген фарфор
табақшалары бар болуы керек. Штангластар жақсы тығындалынатын және
стерильденген болуы керек.
Барлық құралдар, аспаптар, воронкалар, шпательдер, сүзгіштер,
фильтрлер қолданылу алдында стерильденеді және оларды бикстерде
сақтайды (3 тәуліктен көп емес). Дәрі босататын ыдыстарды бикстерде
сақтайды (24 сағаттан көп емес).
Стерильді дәрілік түрлерді дайындау үшін дәріханаларда асептикалық
блоктан басқа, сонымен қатар столдық бокстер қолданылады. Олар 2 типті
болады. Бірінші типті стол боксы - беті шыны футлярмен жабылған
екітумбалық столдан тұрады. Футлярдың оң жағында жылжымалы есігі
болады. Екінші типті столдық бокс футлярдың оң жағының төменгі бөлігінде
қолға арналған қуысы болады.
Достарыңызбен бөлісу: