Оқулық шымкент, 2018 жыл


Гемодинамикалық ерітінділер. Шокқа қарсы ерітінділер



Pdf көрінісі
бет328/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Гемодинамикалық ерітінділер. Шокқа қарсы ерітінділер. 
Шокқа қарсы 
ерітінділер - қан алмастырғыш ерітінділер мен (шок) естен тану кезінде 
артериялық қысымды жоғарылататын, орталық вегетативтік жүйке жүйесінің 
қызметін реттейтін, қан және ұлпалардың химизмін қалыпқа келтіретін 
әртүрлі дәрілік заттардың қоспасы болып табылады. Шокқа қарсы 
сұйықтықтарды үш топқа бөлуге болады: 
-
құрамында глюкоза, алкоголь, тұздар бар қарапайым шокқа қарсы 
ерітінділер;
-
құрамында глюкоза, алкоголь, бромидтер, есірткі заттары бар күрделі 
шокқа қарсы ерітінділер;
-
құрамында глюкоза, алкоголь, бромидтер, есірткі заттары және қан 
плазмасы бар күрделі шокқа қарсы ерітінділер. 
Бірінші топқа
мысалы ЦОЛИПК шокқа қарсы сұйықтығын алуға 
болады. 
(Құрамы: Натрий хлориді 7,0 
Калий хлориді 0,2 
Магний сульфаты 0,04 
Глюкоза
54,2 
Спирт 96 %
80 мл 
Вейбель сұйықтығы 3,3 мл 
Шаншуға арналған су 1000 мл дейін 
Екінші топтағы
шокқа қарсы ерітінділердегі глюкоза-спирттік 
қоспаның емдік белсенділігі бромидтермен, есірткі заттарымен нығайтылған. 
Мысалы - екі ерітінді түрінде босатылатын Асратянның шокқа қарсы 
сұйықтығы: 
 
 


421 
А Ерітіндісі
Б Ерітіндісі 
Натрий хлориді 8,0
Уретан 0,6 
Натрий бромиді 0,75
Барбитал 0,15 
Натрий гидрокарбонаты 0,6 Кальций хлориді 1,5 
Су 500 мл дейін
Глюкоза 17,0 
Спирт 96 % 15 мл 
Су 500 мл дейін 
Бұл шокқа қарсы ерітіндінің екі ерітінді түрінде дайындалу себебі, 
кейбір компоненттердің бір-бірімен сыйымсыздығы: 
-
глюкозаны натрий гидрокарбонатымен бірге стерильдегенде ол 
гидролизге, карамелизацияға ұшырайды; 
-
кальций тұздары (кальций хлориді) натрий гидрокарбонатымен 
әрекеттесіп, салқындатқанда тұнбаға түсетін кальций карбонаты түзіледі. 
Қолданар алдында екі ерітіндіні де 20-25 
0
С қыздырып, енгізу алдында 
араластырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет