423
Оттегі тасымалдау қасиеті бар қан алмастырғыштар.
Механикалық
және термиялық жарақаттар салдарынан қан жоғалғанда, есенгіреу дамуынан
ағзада барлық мүшелер мен жүйелердің
функциясының өзгергендігі
байқалады. Соның ішінде, гипоксия және ағзаның интоксикациясы ерекше
орын алады. Қазіргі заманғы трансфузиологияның маңызды міндеттерінің
бірі –
оттегіні тасымалдау, қан жоғалғанда және шокта қан тамырлар
арнасындағы эритроциттер мөлшерінің орнын толтыратын қабілеті бар, қан
алмастырғыштарды жасау. Бұл міндетті шешу бойынша зерттеулер екі
бағытта жүргізіліп жатыр: гемоглабин және
перфторланған қосылыстар
негізінде қан алмастырғыштар жасау. Бұл саланың белгілі бір табыстарына
қарамастан, көрсетілген қан алмастырғыштардың ағзаға зиянсыздығы және
оттегі тасымалдау қабілетін жоғарылату бойынша әрі қарай зерттеулерді
қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: