Көз тамшыларында механикалық қоспалардың болмауын қамтамасыз ету. Көзге арналған ерітінділердің механикалық қоспамен
ластануы көздің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді, механикалық
қоспалардан көзге арналған ерітінділерді (N 3) шыны фильтр, қағаз немесе
мембранды фильтрлер арқылы сүзеді.
Жазылым бойынша көлемі 5-10 мл көз тамшыларын дайындаған кезде
фильтрлеу процесінде ерітіндінің көп мөлшері фильтрлеуші материалда,
әсіресе қағазда жоғалуы мүмкін. Осы шығынды болдырмау үшін
«Тамшылар» тарауындағы фильтрлеу тәсілін қолдануды ұсынады. Дәрілік
заттарды инъекцияға арналған судың жарты мөлшерінде ерітіп, оны алдын-
ала жуылған қағаз фильтр және мақта тампоны арқылы фильтрлейді, содан
соң осы фильтрден инъекцияға арналған судың қалған мөлшерін өткізіп,
фильтрді шаяды (қос цилиндр әдісімен).
Rp.: Solutіonіs Pіlocarpіnі hydrochlorіdі 1 % - 10ml D.S. 2 тамшыдан күніне 3 рет
Есептеу:
пилокарпин хидрохлориді
1 – 100 мл
х – 10 мл
х = 0,1
Рецептіде көз тамшысы берілген. Пилокарпин гидрохлориді улы зат.
Дозасы тексерілмейді, себебі сыртқа қолданылатын дәрілік түр. Бұл
жазылым бойынша жұмыс жүргізу ҚР ДСМ 01.1l.1996 ж. № 481 бұйрығына
сәйкес жүргізіледі.
Көз тамшылары изотонды болу керек, сондықтан изотондығы
тексеріледі.
Анықтама әдебиеттерде пилокарпин гидрохлоридінің натрий хлориді
бойынша эквиваленті (экв. NaCl) = 0,22.
Натрий хлоридінің изотондық ерітіндісі 0,9%, 10 мл 0,09 г натрий
хлориді керек
0,9 – 100 мл
х – 10 мл
х = 0,09
қажетті натрий хлоридінің мөлшері:
0,09 - (0,22 х 0,1) = 0,068
0,07
Изотонды ерітінді алу үшін 0,07 г натрий хлориді қосылады.
БП N 1 рецептке
Aquaе pro іnjectіonіbus 5 ml Pіlocarpіnі hydrochlorіdі 0,1 Natrіі chlоrіdі 0,07 Aquaе pro іnjectіonіbus 5 ml V
ж
= 10ml