438
инактивациясы сонымен қатар этанолдың, глицериннің, ауыр металлдар
тұздарының қатысында да жүреді;
-
антибиотиктер көптеген дәрілік және көмекші заттармен әрекеттеседі,
сондықтан күрделі жазылымдарда компонентерінің сыйымдылығын аса
мұқият тексеруді қажет етеді;
-
көптеген
антибиотиктер
термолабильді,
сондықтан
термиялық
стерильдеуге төзімсіз;
-
құрамында антибиотиктері бар дәрілік препараттар, антибиотиктердің
қасиетіне және олардың тазарту дәрежесінің төмендігіне байланысты,
сақтаған кезде тұрақсыз.
Антибиотиктер рецептілерде көбінесе әсер ету бірлігімен (ӘБ) беріледі.
Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен
оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін, байланысқа
негізделген есептеу бойынша жүргізіледі (кесте 25).
Антибиотиктерді
таңдау
дерттің
барысының
клиникалық
ерекшеліктеріне және оның ауырлығына байланысты жүреді.
Кез келген дәрілік препаратты, әсіресе егер компоненті антибиотик
болса, дәрілік түрді ғылыми негізделген әдіспен дайындаудың үлкен
маңызы бар.
Дайындау әдісі дәрінің химиялық құрамының, физикалық күйінің
және фармакологиялық әсерінің өзгермеуін дайындау процесі кезінде,
сонымен қатар сақтау және қолдану кездерінде қамтамасыз ету керек.
Кесте 25
Достарыңызбен бөлісу: