Оқулық шымкент, 2018 жыл


Дәрілік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары



Pdf көрінісі
бет352/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Дәрілік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары. 
Дәрілік 
заттарды қолдану тәсілдері. Дәрілерді ауыз қуысы арқылы (per os) енгізу – 
көп тараған тәсілдердің бірі, бұл жолмен еритін де, ерімейтін де дәрілерді 
енгізуге болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап, өздерінің әсер 
етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді (каломельдің мүйізді малға 
тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға түседі; мұнда 
дәрінің бір бөлігі, немесе түгелімен зарарсызданады немесе қор болып 
жиналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі жағдайға: 
оның асқазан каналы сөлінде еруі және қарынның тоқтық дәрежесіне 
байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын есепке алуды 
және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады. 
Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттар ірі қараға күшті жемге, немесе суға, 
ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі. 
Ұнтақтарды ірі қараға нанмен, немесе шөлмекке құйылған ертіндімен 
бірге береді; соңғы жағдайда малдың басын жоғары көтеріп, шөлмекті 
ауыздың тіссіз кенересіне қойып, ертіндіні біртіндеп ұрттатады, ал кейде оны 
зонд арқылы тікелей қарынға жібереді. Сұйық дәрілік түрлерді де осылай 
береді. Ұсақ малдарға сұйық дәрілерді қасықпен немесе рюмкемен береді. Ал, 
мұндай дәріні итке оның жақ етін тартып, жиырады да пайда болған қалтаға 
құяды. Шошқа мен мысықты жақсылап бекітеді. Бұл малдардың басын сәл 
жоғары көтереді. Болюстарды көбінесе жылқыға тағайындайды. Ол үшін, 
олардың аузын ашып, ұртына қояды да, болюсті үш саусақпен тілдің түбіне 
салады, сонан соң қолды жұтқыншақпен бірге тез шығарады да, малдың 


451 
басын аз уақыт көтеріңкі ұстап, жұтқыншақты терінің астынан төмен қарай 
сыйпалайды. Сондай-ақ болюстерді (көбінесе жылқыларға) болюс беретін 
арнаулы құралдармен береді. 
Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын 
ашып, капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, 
корнцангты ауыздан жедел шығарады. 
Ботқаларды тілдің түп жағына шпательмен жағады. Пилюляларды ит 
пен мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың 
көмегімен береді, құстарға сол күйінде тағайындайды. 
Тікішек (per rectum) арқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер етеді, 
өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен енгізілген 
затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен тезірек сіңеді. 
Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ (балауыз) формада 
енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады. Дәрі толығымен 
сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек. 
Клизма ретінде берілетін дәрілер ірі малдарға Эсмарх кружкасымен 
ұсақ малдарға – резина баллоншамен беріледі. Эсмарх кружкасының жиегін 
вазелинмен майлап, оны мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, кружканы малдың 
белінен жоғарырақ көтереді. Клизма енгізілгеннен кейін кружканың ұшын 
шығарып, біраз уақыт анусты қолмен басып тұрады, сөйтіп дәрінің кейін 
төгілуіне жол бермейді. Тікішекке енгізілетін сұйықтарды жылытып беру 
керек екендігің есте ұстау керек. Клизманың дәрілік, іш жүргізетін және 
қоректік түрлері бар. 
Дәрілік клизманың ірі малдарға берілетін мөлшері 1-2½ л, ұсақ 
малдарға – 1, 1/4 стақан. Іш жүргізетін клизманың мөлшері көбірек етіп және 
оған сабын қосып беру керек; ірі малдарға 2-5 л және одан да көбірек, ұсақ 
малдарға 1-4 стақанға дейін береді. Сабын (балауыз) тікішекке енгізіледі, 
бұдан кейін малды тыныш қалдырады. 
Жатыр мен жыныс қынабына дәрі сұйық, жұмсақ (қынап домалақтары) 
және қатты (ұнтақтар) формада енгізіледі; сұйық затты ірі қараға арнаулы 
ұшы бар клистрлі кружкамен береді; (жыныс қабына енгізу үшін 
қолданылатын әдейі ұштықтар жоқ болса, кәдімгі ұштықтарды пайдалануға 
болады); ұнтақтарды сүртіп-жағу үшін ұнтақ сепкіш құрал қолданылады; дәрі 
енгізудің бұл жолы бір жерге әсер ету үшін пайдаланылады, бірақ жатыр мен 
қынаптың кілегей қабықтары арқылы дәрілердің өте жақсы сіңетіндігін 
ескеру керек. 
Ауызды шайып жуу үшін каучук, ағаш немесе пластмассалы ұштығы 
бар клистирлі кружка қолданылады. Көздің кілегей қабығына ұнтақтарды 
қағаз немесе ұнтақ сепкіштер арқылы енгізеді, сұйықтарды көз 
пипеткаларының көмегімен тамызады, ал жағармайларды қабақтың астына 
салады. 


452 
Қуық пен желінге дәрілер арнаулы катетрлердің көмегімен енгізіледі. 
Дәрі жіберу яғни парэнтарлдық енгізулер зарарсыздандырылған ертінділер 
мен оған сәйкес зарарсыздандырылған құралдарды (шприцтер, инелер) керек 
етеді. 
Дәрілерді тері астына және бұлшықет арасына енгізу әдістері 
малдәрігерлік тәжрибеде (ветеринарияда) көп тараған, өйткені олар қолайлы, 
оңай әрі дәріні дәл мөлшерлеуге мүмкіндік береді және тез әсер етеді. Тері 
астына тек мөлдір сұйық дәрі формаларын ғана, ал бұшықет астына, бұдан 
басқа, езінділер жіберіледі. Тітіркендіретін және жансыздандыратын 
заттарды, осы әдістермен өте сирек және ерекше мақсатты көздегенде ғана 
жіберуге болады. 
Малдың денесіне дәрі жіберетін жердің жүнін қырып, терісін спиртпен, 
немесе басқа дезинфекциялайтын затпен сүртеді, сонан соң дәрі 
жіберілгеннен кейін екінші рет дезинфекциялайды. Дәріні көлемі белгілі 
шприцпен жібереді. Дәрі енгізілетін жерлер: ірі малдар үшін - әдетте 
мойынның бойы, жауырын, көкірек асты; ұсақ малдар үшін – кеуденің бойы 
болып келеді. Тері астына енгізер кезде сол қолдың ұш саусағымен теріні 
қыртыстап, оң қолдың басбармағы және сұққолдың көмегімен қыртыстың 
астына шприцтің инесін қадайды, оны шприцпен жалғастырып поршенді 
қысып барып дәріні жібереді. Бұлшықет арасына жіберу үшін үлкен инелер 
керек, бұл жағдайда теріні қыртыстамаса да болады. 
Құрсақ қуысына дәрі жіберу әдісі сирек және лаборатория жануарлары 
үшін ғана қолданылады. Дәрінің қан жүйесіне араласу жылдамдығы бойынша 
бұл әдіс бұлшықет арасы мен күре тамырға дәрі жіберудің арасында орташа 
орын алады.
Кеңірдек ішіне енгізу әдісі, көбіне тыныс жолдарында бір жерге әсер 
етуді ғана көздейді. Ол үшін кеңірдектің айналасындағы жүнді қырып, иод 
тұндырмасын жағады, кеңірдек білезіктерінің арасына инені қадап, оны 
шприцпен жалғастырады, сонан соң өте ақырын дәріні жібереді. 
Егер дәріні тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне тегіс тарту керек 
болса, малды жанымен жатқызып, оның басы мен мойнын 30° көтеріңкі 
ұстайды. Сонан соң малды екінші жанымен жатқызып, дәрі жіберуді 
қайталайды. Дәрі жіберудің бұл әдісі мал дәрігерлігінде бараған сайын кең 
тарап келе жатқанын ескеру керек; оның оңайлығынан және тыныс 
жолдарының ауруларын емдеуде қолайлығынан туады. 
Күре тамырға дәрі жіберу әдісі бұлшықет арасына жіберуден гөрі кең 
қолданылады. Дәрінің әсері тез көрінеді. Қан тамырының ішкі қабынын 
сезгіш рецепторлары жоқ екенін ескере отырып, тітіркендіргіш қасиеті бар 
заттарды осы жолмен енгізуге болады. Қанға ықпал тигізетін заттарды 
(ақуызды ұйытатын, қызылқан түйіршіктерін бұзатын) күре тамырға енгізуге 
болмайды. Қан мен органдарға (ең алдымен жүрекке) жағымсыз әсер ететін 


453 
концентрация пайда болмау үшін дәрілік заттардың ертіндісі көк тамырға 
жәйләп енгізіледі. 
Шошқа, ит, мысық және үй қояндарынан басқа ірі және ұсақ 
жануарларға дәріні күре тамырына, мысық пен итке – сан көк тамырына, 
шошқа мен үй қоянына – құлақ көк тамырына жіберу керек. 
Көк тамырға енгізу техникасы. Күре науасының бойын жағалай 
мойнның жоғарғы үштен бірінің жүнін қырқады; теріні спиртпен немесе 
басқа бактерицидтік дәрімен дезинфекциялайды; сол қолдың басбармағымен, 
ал сыйыр малы үшін жгуттың немесе белбеудің көмегімен, дәрі жіберілетін 
жерден төменірек көк тамырды қысады, оны оң қолдың саусағымен басып 
тауып алады да, оған инені түйрейді. Аққан қанға қарап, иненің көк тамырға 
кіргеніне көз жеткеннен кейін, оны ертіндіге толған цилиндрдің резинка 
түтігімен жалғастырады. Көк тамырға ауа кіргізбеу үшін цилиндрді 
мойынның жоғарғы жағынан төменірек ұстау керек. Цилиндрде қанның 
көрінуі системаның дұрыс жалғанғанын сыйпаттайды. Сонан соң цилиндрді 
мойыннан жоғарырақ көтеріп, оның ішіндегі дәріні жайлап көк тамырға 
жібереді. Дәрі жіберудің біткенін цилиндрдегі сұйықтың жиегіне қарап 
анықтайды. Цилиндрді төмен түсіріп, оның ішінде қан көрінген бойда инені 
тамырдан шығарады. Дәріні жібергеннен кейін цилиндрді екінші рет төмен 
түсіру инені қанмен жууды көздейді; бұл кейбір заттарды енгізген кезде 
ұлпаны тітіркендіру мен некрозға ұшыраудан сақтайды.
Дәріні искетіп беру (ингаляция) әдісі бір жерге және жалпы (резорбтық) 
әсер ететін газ және бу тәрізді дәрілік заттар үшін ғана жарайды. Жалпы әсер 
тез пайда болады. Бұл әдіс бойынша кейде әдейі маска арқылы малды газ 
немесе бумен, кейде маскасыз оны белгілі концентрациялы ұшқыш заттар 
себілген үйдің ауасымен, ал кейде брезент шелек, дорба т.с. құралдар арқылы 
дем алдырады. Көрсетілген ыдыстарды шөп ұнтағымен, немесе сабанмен 
жеткілікті етіп толтырып, олардың үстіне су құйып және лайықты дәрілік 
затты қосып малдың тұмсығына кигізеді. 
Дәріні жұлын каналына енгізу өзінің қыйындығына байланысты сирек 
қолданылады, ол көбінесе бір жерді жансыздандырғыш заттарды енгізуге 
жарайды. Бұл заттарды омыртқа каналында қысым күшеймеу үшін алдымен 
жұлын сұйығының (линвордың) сәйкес мөлшерін шығарып барып аз 
концентрациялы және аз мөлшерлі ертінді күйінде енгізеді. Теріге, жара және 
іріңді жараның бетіне сүртпе майлар, пасталар, ұнтақтар, тұндырмалар, 
ертінділер, эмульсиялар, булаулар, пластырлар, қолданылады. Ұнтақтар 
ұнтақ үргіштің, немесе мақтаның көмегімен себіледі, сүртпе майлар мен 
пасталарды жұқалап жағады, немесе сыйпап сылайды. Ертінділермен жуу 
резина баллондар (спринцовкалар), немесе клистирлі кружкалар арқылы 
атқарылады, мақта тампондардың көмегімен ұлпаның тиісті бөлігін 
тұндырмалармен майлайды; эмульсияларды мақта тампондарының көмегімен 


454 
қолданады немесе жараның яғни іріңді жараның бетіне тікелей жағады. 
Бұларды шөп қыйқымынан, кендір тұқымынан кебектерден, қосындылардан 
және жыйнақтардан жасайды; оларды ыстық сумен булайды, матадан 
жасалған қапшықтарға салып, терінің тиісті жеріне жапсырады; ұшқыш 
заттар ұшып кетпеу үшін және олардың суымауын көздеп қапшықтарды 
клеенкамен бекітеді. 
Пластырларды 1 мм-дей қалың етіп кенепке жағады да, терінің, немесе 
жараның тиісті бөлігіне жапсырады. Пластырдың ауданы (оның ұзындығы 
мен ені) әрқашанда керегінше белгіленеді. Ірі қара малдар үшін пластырды 
дененің тиісті жеріне тікелей жағуға болады. 
Теріге газ тәрізді заттармен де әсер етуге болады; мысалы, 
жылқылардың қотырын күкірт ангидридімен түрліше құрылысты әдейі 
камераларда емдеу осыған негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет