443
Есептеу:
m
ж
= 0,25 + 0,2 + 2,5 + 2,5 +0,05 + 0,05 = 5,55
Рецептіде күрделі, дозаланбаған, сырт тәнге қолданылатын, құрамында
антибиотиктер кіретін ұнтақ берілген. Эфедрин гидрохлориді күшті әсер
ететін зат. Дәрілік түр сыртқа қолданылатын болған соң күшті әсер ететін
дәрілік заттардың дозалары тексерілмейді. ҚР ДСМ 9.03.1998 ж. № 186 «ҚР
есірткі құралдарды, психотропты заттарды және прекурсорларды бақылау
туралы» Үкімет қаулысына сәйкес эфедрин гидрохлориді прекурсорлар
тізіміне жатады.
БП
Streptocіdі 2,5
Ephedrіnі hydrochlorіdі 0,05
Dіmedrolі 0,05
Erythromycіnі 0,2
Laevomycetіnі 0,25
Norsulfazolі 2,5
m
ж
= 5,55
Технологиясы.
Асептикалық жағдайда стерильді келіге 2,5 г
стрептоцидті салып ұнтақтайды. Капсулаға төгіп, келіге 0,05 г эфедрин
гидрохлоридін және 0,05 димедролды, содан соң «алтын ережеге сай» 0,2 г
эритромицинді және 0,25 левомицетинді ұнтақтайды, соңында 2,5 г
норсульфазолды қосып ұнтақтайды, капсуладағы стерптоцидті қосып
біркелкі ұнтақ болғанша араластырады. Дайындалған ұнтақты стерильді
кең мойынды бұранда қақпағы бар құтыға салып, сүргілейді, негізгі
этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткаларымен «Асептикалық жағдайда
дайындалған», «Салқын жерде сақталсын» безендіріледі. Рецепт дәріханада
есеп үшін қалдырылады, науқасқа сигнатура беріледі.
Ескертпе: Жоғарғы температураға төзімді ұнтақтар алдын-ала
кептіргіш шкафта 180-200
0
С стерильденеді.
Достарыңызбен бөлісу: