Оқулық шымкент, 2018 жыл


Құрамында антибиотиктері бар ішуге арналған дәрілік түрлер



Pdf көрінісі
бет349/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Құрамында антибиотиктері бар ішуге арналған дәрілік түрлер. 
Пенициллин асқазандағы тұз қышқылымен бұзылады, сондықтан оны 
пероральды қолданған кезде қанда қажетті концентрациясын алу үшін, 
оның мөлшері бұлшық етке енгізілетін мөлшерімен салыстырғанда 
шамамен 5 есе көп болуы керек. 
Микстуралар. Кей жағдайда, егер инъекция салу мүмкін болмаса, 
балаларға бензилпенициллин микстурасын, антацидті әсер көрсететін, 
натрий цитратымен бірге белгілейді. 
Капсулалар. Пенициллиндерді ішуге, сонымен қатар қатты желатинді 
капсулада натрий цитратымен бірге белгілейді. 
Антибиотиктермен суппозиторийлер дайындау. 
Эритромицинмен, 
стрептомицинмен, левомицетинмен, оксациллин натрий тұзымен және т.б. 
антибиотиктермен 
суппозиторийлер 
асептикалық 
жағдайда 
суппозиторийлердің жалпы технологиясы бойынша дайындалады. 


444 
Rp.:
Oxacіllіnі - natrіі 0,1 
Oleі Cacao 1,5 
Mіsce fіat supposіtorіum
Da tales doses N 20
Sіgna. 
1 суппозиторийден 3 рет 
Есептеу: 
0,1 х 20 = 2,0 
1,5 х,20 = 30,0 
m
ж
= 2,0 + 30,0 = 32,0 
m
1

20
32
= 1,6 
 
БП
Oxacіllіnі - natrіі 0,1 
Oleі Cacao 30,0 
m
ж
= 32,0 m
1
= 1,6 N 20 
Технологиясы
: Асептикалық жағдайда стерильді келіде 2,0 г 
оксациллин натрий тұзын ұнтақтайды, бөлшектеп үгітілген 30,0 г какао 
майын қосып, біртекті масса алынғанша илейді. Егер масса жеткілікті 
мөлшерде пластикалық болмаса аз мөлшерде сусыз ланолин қосады. 20 
суппозиторий дайындап, стерильді кең мойынды құтыда босатады. Негізгі 
этикеткалар «Сырт тәнге», ескерту этикеткаларымен «Асептикалық жағдайда 
дайындалған», «Салқын жерде сақталсын» безендіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет