Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет350/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Сапасын 
бағалау.
Дайындалған 
көз 
тамшыларының, 
суппозиторийлердің, ұнтақтардың, жағар майлардың сапасы жалпы талаптар 
бойынша жүргізіледі: құжаттарды (рецепт, бақылау паспорты), безендіруді, 
буып-түюді, түсін, иісін, механикалық қоспалардың болмауын, біркелкілігін 
(суспензиялық жағар майлар), көлемінен (ерітінділер) немесе салмағынан 
(жағар майлар, суппозиторийлер, ұнтақтар) ауытқуларын тексереді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Дәріханаларда құрамында антибиотиктер бар қандай дәрілік түрлер 
дайындалады? 
2.
Құрамында антибиотиктер бар ұнтақтардың технологиясы қалай 
жүргізіледі? 
3.
Құрамында антибиотиктер бар ерітінділерді дайындау ерекшеліктері 
қандай? 
4.
Пенициллин ерітіндісі қандай дәрілік түрлермен сыйымсыз? 
5.
Құрамында антибиотиктер бар жағар майлар технологиясының 
ерекшеліктері. 
6.
Рецептіде антибиотиктің мөлшері көрсетілмеген жағдайда пенициллин 
жағар майын қандай концентрацияда дайындайды? 
7.
Құрамында антибиотиктер бар дәрілік түрлердің сапасын бағалау. 
8.
Құрамында антибиотиктер бар дәрілік түрлерді босату және сақтау 
ерекшеліктері.
 


445 
ТАРАУ 6 ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАР 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Ветеринарлық 
дәрілік 
түрлердің 
сипаттамасы

Кезінде 
ветеринарияның қалыптасуына себін тигізген, жануарлар организмінің 
анатомиялық-физиологиялық ерекшіліктері, қазіргі таңда фармацевтикалық 
ғылымдардың арнайы саласы ветеринарлық фармацияның өздігінен дамуына 
негіз болды. 
Ветеринарияның міндеттеріне ауылшаруашылық жануарларының 
ауруларын алдын-алу және ауырған жануарларға дер кезінде емдік көмек 
көрсету жатады. Бұл міндеттерді орындауда ветеринарлық ұйымдарды дер 
кезінде қажетті дәрілермен қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Құстар 
мен үй жануарларын емдеу үшін дәрілер, әртүрлі ветеринарлық емдеу 
мекемелерінде 
(емханаларда, 
зооветеринарлық 
бөлімдерде, 
арнайы 
ветеринарлық мекемелерде) болатын, арнайы ветеринарлық дәріханаларда 
дайындалады. Сонымен қатар, жануарларға арналған дәрілер ветеринарлық 
дәрігерлердің рецептілері бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің 
дәріханалар жүйесінен босатылуы тиіс, сондықтан фармацевтердің 
ветеринарлық дәрілердің технологиясы бойынша тиісті білімі болуы керек. 
Ветеринарлық практикаға арналған дәрілердің дайындалуы, сақталуы және 
босатылуы КСРО МФ Х басылымында келтірілген талаптарға сәйкес 
жүргізіледі. КСРО МФ Х басылымына тек ветеринарлық практикада 
(praeparata ad usum veterinarium) қолданылатын арнайы белгіленетін дәрілік 
құралдар енгізілген. Сонымен қатар, кей дәрілік заттар, әдеттегі рецептурада 
қолданылмайтын, ветеринарияда жиі қолданылады (мысалы, маралқурай 
тамырсабақтары мен тұндырмасы, сабадила тұқымы, ареколин және 
басқалар). Аскөк, зире, әніс тұқымдары, аңдыз тамыры, бозарша жидектері 
сүттүзуші құрал; үшкүкіртті сүрме болюстар, ботқалар және ұнтақтар түрінде 
– қақырық түсіруші; темірдің тотыққан сульфаты ерітінді түрінде – диареяда 
бырыстырғыш құралы; төртхлорлы көміртек желатинды капсулаларда – 
ішекқұртқа қарсы және тағы басқаларда қолданылады. Қазіргі кезде 
ветеринарлық практикада антибиотиктер және химиотерапевтикалық 
препараттар, вакциналар, қан сарысулары, диагностикалық препараттар, 
витаминдер, фитонцидтер, ара балы, ауырсынуды басатын, ұйықтататын, 
эндокриндік препараттар кеңінен қолданылады.
Ветеринарлық дәрілік түрлерге рецептілерді ветеринарлық дәрігерлер 
және ветеринарлық фельдшерлер рецепт жазудың жалпы талаптарына сәйкес 
белгілейді. Рецептіде міндетті түрде ауырған жануар туралы мәлімет болуы 
керек: түрі, лақап аты (майда жануарлар үшін нөмірі), жас жануарлар үшін 
жасы, жануар тиесілі мекеменің атауы (немесе жеке меншік иесінің аты-
жөні). Ветеринарияға арналған дәрілік түрлерді дайындау, негізінде 
медицинада қолданылатын (ұнтақтар, микстуралар, қөз тамшылары және 
қөзге басуға арналған ерітінділер, жағар майлар, пилюлялар, жинақтар, 


446 
эмульсиялар және т.б.) сияқты жүргізіледі. Олар сырт тәнге және ішуге, 
инъекцияға белгіленеді. 
Ветеринария рецептурасының ерекшіліктері: 
1. Медициналық практикада қазір қолданылмайтын немесе өте сирек 
қолданылатын, бірқатар дәрілік түрлер және дәрілік құралдар, мысалы, 
түйіршіктер, болюстар және ботқалар қолданылады. 
2. Дәрілік түрлердің көлемі және салмағы жануардың түріне, жемделгеніне 
және оның мүшесінің құрылысына байланысты, мысалы, сыйырларға 
глобулалардың салмағы 20,0—30,0 г, дозаланған ұнтақтар 100,0 г дейін, 
сұйық дәрілік түрлер литрмен, құстар үшін түйіршіктер 0,05 г және т.б. 
3. Дәмді құралды таңдағанда, әр жануардың әртүрлі дәмдеуіштерді 
ұнататығындығына көңіл аудару керек: иттер мен шошқалар тәттіні жақсы 
көреді, қойлар мен жылқылар – тұздыларды, ешкілер мен ірі қара мал – 
ащыны. Сонымен бірге кейбір заттар, мысалы, фенолдың жағымсыз иісін 
эфир майларымен жасыруға болатынын, ал кейбір көмекші заттар дәмді 
жақсартатын зат ретінде қолдануы мүмкін екенін есте сақтау керек, мысалы, 
fructus Juniperi. 
4. Улы және күшті әсер ететін дәрілік құралдардың дозасы жануардың 
жасына, таза салмағына, жынысына және жасына байланысты. КСРО МФ Х 
басылымында ветеринарияда кеңінен қолданылатын улы және күшті әсер 
ететін дәрілік құралдардың ересек жануарлар үшін жоғары реттік және 
жоғары тәуліктік дозалары кестеде келтірілген. Улы және күшті әсер ететін 
дәрілік құралдардың дозасын өте жүдеген, сонымен бірге буаз жануарлар 
үшін ½ дейін азайтады. Айтылғандарды ескеріп, дәрілік құралдардың 
дозасын әр жануардың түріне байланысты 1 кг таза салмағын ескеріп 
есептейді. Егер жылқыға арналған дозаны (тірідей салмағы 400 кг) бір 
бірлікке баласақ, онда көптеген дәрілік құралдардың дозасы тиісті қатынаста 
есептеліп белгіленеді. 
 
1. 
Организмге байланысты жағдайлар. Жануар түрлері. 
Әр 
түрлі 
мал 
қандай да болсын дәріні әртүрлі қабылдайтыны анықталған. Мысалы, 
етқоректілер шөп қоректілерден гөрі барий тұздарын өте жақсы сезеді; 
адреналин сүтқоректілерден гөрі құстарға күшті әсер етеді; морфин итті 
ұйықтатады, ал мысықты күшті елітеді; көп камералы қарыны бар сыйыр 
малына каломель тағайындау қауіпті, өйткені каломель еритін қоспаларға тез 
айналып, улы болады.
Жануар түріне қарай дозаларды төмендегідей етіп есептеп беру 
белгіленген:
Жылқыға (тірідей салмағы 400 кг дейін) ……………………1 
Сыйыр малына (тірідей салмағы 300-320 кг)………………1 - ½ 
Есекке ………………………………………………………….⅓ - ½ 
Қойға (таза салмағы – 50 кг)………………………………….1/5 – 1/6 
Шошқаға (таза салмағы – 50 кг) ……………………………...1/5 - ⅛ 
Итке (таза салмағы – 2- ден 10 кг дейін) ……………………1/10 – 1/6 


447 
Мысыққа (таза салмағы – 2 кг) ……………………………..1/20 – 1/32 
Құсқа (таза салмағы – 2 кг) ………………………………….1/20- 1/40 
Малдәрігерлік практикаға қазіргі кезде енгізілмеген, бірақ медицинада 
қолданылатын дәрілердің дозаларын мөлшерлегенде төмендегідей ережеге 
сүйену керек: 
Орта жастағы адамға …………………………………………. 1 
Жылқыға ………………………………………………………..5 – 10 
Сыйыр малына ………………………………………………….5 – 10 
Ешкі, қой, шошқаға …………………………………………….2 
Итке ……………………………………………………………...1/4 – 1 
Мысыққа …………………………………………………………1/4 
Құсқа ……………………………………………………………...1/6 
Жануар жынысының 
организмінің физиологиялық жағдайына 
байланысты ғана маңызы бар. Кейбір заттар буаз малдардың іштегі төліне 
зиян келтіреді, кейбіреулері жатыр тамырларын кеңейтіп немесе тарылтып, 
ішік тастатады; кейбір препараттар сүтпен бірге бөлініп, жас төлді улайды 
және сүт сапасына әсер етеді. У ұрғашы малға еркек малдан гөрі күшті әсер 
ететінін есте ұстаған жөн. 
Малдың жасы кәрі
және әлі толыспаған жас малдарға кейбір дәрілік 
заттар орта жастағы малдардан гөрі едәуір күшті әсер етеді. Мысалы, 
морфиннің тіпті аз дозасының өзі төлдің сал ауруына ұшырауын тудырады, 
ал ірі малдың тыныс орталығына сәл әлсірету әсерін тигізеді. 
Сондықтан кәрі немесе жас малдарға дәрі тағайындағанда оның 
дозасын олардың жасына сәйкес азайту керек. Кейбір заттарды оларға мүлдем 
қолдануға да болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   346   347   348   349   350   351   352   353   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет