482
ТАРАУ
8
СЫЙЫМСЫЗ
ЖӘНЕ
РАЦИОНАЛДЫ
ЕМЕС
ЖАЗЫЛЫМДАР
6.1. Сыйымсыз және рационалды емес жазылымдар
Дәрілік заттардың сыйымсыздығы - бұл дәрілік заттардың емдік әсерінің
әлсіреуі, жоғалуы, бұзылуы немесе жанама, улы әсерінің күшеюі.
Фармацевтік сыйымсыздық деп дәрілік заттардың өзара немесе көмекші
заттармен әрекеттесуі нәтижесінде олардың физика-химиялық қасиеті, сонымен
қатар, терапевтік әсері өзгеретін ингредиенттер бірігуін айтады.
Дәрігермен ескерілмеген бұл өзгерістер дәрілік препараттарды дайындау
және сақтау процесінде жүруі мүмкін.
Рациональды емес дәрілік жазылымдар – бір дәрілік түрде жазылған және
осы дәрілік түрді дайындау кезінде ерекше немесе арнайы технологияны қажет
ететін дәрілік заттар бірігуін айтады.
Сыйымсыздықты үш топқа бөледі: физикалық және физикалық-химиялық,
фармакологиялық.
Физикалық
және физикалық-химиялық сыйымсыздықтың түзілу
себептері:
1.
Дәрілік препараттардың ерімеуі және оның ерігіштігін нашарлататын
жағдайлар.
2.
Коллоидты жүйелердің және жоғары молекулалы қосылыстар (ЖМҚ)
ерітінділерінің коагуляциясы. Эмульсиялардың қабаттануы.
3.
Күрделі ұнтақтардың ылғалдануы және балқуы.
4.
Дәрілік заттардың адсорбциясы.
5.
Ингредиенттердің сыйымсыздығы немесе араласпауы.
Достарыңызбен бөлісу: