485
болуы мүмкін. Бұл жағдайларға: ингредиенттердің мөлшерінің қатынасы,
дайындау тәсілі, бөлмедегі ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы,
ұнтақтарды сақтау ұзақтығы, орамдау түрі жатады.
Ингредиенттер мөлшерінің қатынасы және ұнтақтарды дайындау
тәсілінің әсерін келесі мысалдардан көруге болады:
Rp.:
Dіmedrolі 0,05
Natrіі hydrocarbonatіs 0,25
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 20
S.
1 ұнтақтан күніне 3 рет
Дайындап болған соң, 15-20 минуттан кейін сұйық димедрол негізінің
бөлінуі салдарынан масса бірігіп, ылғалданады.
Rp.:
Dіmedrolі 0,05
Natrіі hydrocarbonatіs 0,25
Glucosі 0,2
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 20
S.
1 ұнтақтан күніне 3 рет
Егер келіде глюкозаны ысқылап болған соң, оны димедролмен, натрий
гидрокарбонатымен және глюкозаның қалған мөлшерімен араластырса, онда
масса 10-15 минуттан кейін ылғалданады. Сондықтан, димедролды
глюкозамен араластырып, содан соң абайлап натрий гидрокарбонатын қосу
қажет. Бұл жағдайда ұнтақ сусымалдығын 3-4 тәулік бойына сақтайды.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының әсерін В.Д. Козьмин (1986)
бірдей мөлшерде алынған дәрілік заттардың 20 бинарлы қоспасына зерттеген
(кесте 31).
Кестеде көрсетілгендей, аскорбин қышқылының никотин қышқылымен,
анальгиннің антипиринмен
және натрий салицилатымен, никотин
қышқылының эуфиллинмен және натрий салицилатымен қоспалары 70%
дейінгі ауаның салыстырмалы ылғалдылығында сыйымды. Ал жоғары
салыстырмалы ылғалдылықта бұл қоспалар сыйымсыз, дымқылданады.
Rp.:
Acіdі acetylsalіcylіcі
Analgіnі ana 0,3
Coffeіnі natrіі-benzoatіs 0,1
Mіsce fіat pulvіs
D.t.d. N. 24
S.
1 ұнтақтан күніне 2 рет
Дайындап болған соң, бірнеше уақыттан кейін, қоспа ылғалданып, бір-
бірімен жабысып, сірке қышқылының иісі шығады.