Rp.: Ephedrіnі hydrochlorіdі 0,03 Acіdі ascorbіnіcі ana 0,1 Dіmedrolі 0,05 Mіsce fіat pulvіs Euphyllіnі 0,15 D.t.d. N. 20 Mіsce fіat pulvіs S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет
D.t.d. N. 30 S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет
Ингредиенттердің ылғалдануын және әрекеттесуін болдырмау үшін
күрделі ұнтақ құрамына 3-5% аэросил қосу ұсынылған.
Аэросилді - натрий гидрокарбонатының ацетилсалицил қышқылымен
және димедролмен қоспасына, димедролдың эуфиллинмен қоспасына енгізу
тиімді болып табылды. Аэросилдің қорғайтын әсері - оның қоспа
компоненттерінің әрекеттесу процесінде түзілетін ылғалды жұтуына және
бөлшектердің әрекеттесуіне механикалық кедергі жасауына негізделеді.
Эуфиллиннің аскорбин қышқылымен қоспасына аэросилді енгізу
химиялық әрекеттесуді (нейтралдау, тотығу) тоқтатпайды, тек баяулатады.
Rp.:
Dіbasolі 0,01 Dіmedrolі 0,03 Euphyllіnі Spasmolіtіnі ana 0,1 Acіdі acetylsalіcylіcі 0,15 Mіsce fіat pulvіs D.t.d. N. 20 S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет
3 күннен соң, ұнтақ ылғалданып, қолдануға жарамсыз болып қалады.
Егер дәрігер келісімімен эуфиллинді - теофиллиннің сәйкес мөлшерімен
алмастырса, қоспа физикалық жағдайын өзгертпей 12 тәулік сақталады.
Кейбір жағдайларда, күрделі ұнтақтарда эвтетикалық қоспалар
түзіледі. Қоспаның балқу температурасы оның құрамына кіретін
компоненттердің балқу температурасынан әлдеқайда төмен болады.
Құрамына кіретін заттар мөлшерінің қатынасына байланысты қоспа бөлме
температурасында ылғалданады немесе сұйықтыққа айналады.
Антипирин, камфора, хлоралгидрат, тимол, бромкамфора, фенол,
фенилсалицилат, резорцин, ментол бір-бірімен эвтетикалық қоспа түзеді.
Rp.:
Antіpyrіnі 0,15 Rp.: Antіpyrіnі 0,15 Phenylіі salіcylatіs 0,2 Mentholі 0,05 Mіsce fіat pulvіs Natrіі benzoatіs 0,1 D.t.d. N. 12 Mіsce fіat pulvіs S. 1 ұнтақтан күніне 2 рет
D.t.d. N. 15 S. 1 ұнтақтан күніне 3 рет
488
Сыйымсыздықты болдырмау үшін эвтетикалық қоспаны каолин
немесе магний тотығын қосу арқылы кептіру қажет.