498
Мысал ретінде келесі рецепті қарастыруға болады:
Rp.:
Atropіnі sulfatіs 0,05
Natrіі tetraboratіs 0,5
Aquae purіfіcatae 10 ml
M.D.S
. 2 тамшыдан екі көзге
Сілтілі ортада атропин сульфаты тропинге және троп қышқылына
гидролизденеді. Дәрігер келісімімен натрий тетраборатын бор қышқылына
алмастырған жөн.
Жүрек гликозидтері қышқыл және сілті ортада, сонымен қатар
тотықтырғыштар қатысында тұрақсыз, белсенді емес немесе белсенділігі
төмен заттар түзе отырып гликозид молекуласының лактонды сақинасы
ашылуы мүмкін. Бұл реакция сырт көзге көрінбей жүреді.
Rp.:
Іnfusі herbae Adonіdіs vernalіs 6,0 180 ml
Lіquorіs Ammonіі anіsatі 4 ml
Natrіі hydrocarbonatіs 3,0
M.D.S.
1 ас қасықтан күніне 2 рет
Натрий гидрокарбонаты және мүсәтір анис тамшысы әсерінен
жалынгүл шөбі тұнбасынан жүрек гликозидтері гидролизденеді.
Шаншуға арналған ерітінділерде строфантин К панангинмен,
гексозофосфатпен, гепаринмен, димедролмен, коразолмен, эуфиллинмен
және глюкозамен сыйымды екендігі физика-химиялық және биологиялық
әдістермен дәлелденген. Құрамында 1 мл 0,05% строфантин К ерітіндісі, 10
мл 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 20 мл 20% глюкоза ерітіндісі бар ерітіндіні 1
апта сақтаған соң гликозидтің сілтілі гидролиз өнімі пайда болады.
Бензилпенициллиннің калий тұзы өте тұрақсыз
-лактамды сақинасы
бар тиазолидин туындысы болып табылады.
Rp.:
Solutіonіs Ephedrіnі hydrochlorіdі 3 % 10 ml
Benzylpenіcіllіnі-kalіі 200 000 ED
M.D.S.
3 тамшыдан күніне 3 рет
Бензилпенициллин 4 сағаттан соң 30-40% инактивацияланады.
Бензилпенициллин сонымен қатар, тотықтырғыштар, ауыр метал
тұздары, этанол қатысында бұзылады. Сұйық дәрілік түрлер мен жағар
майларда бензилпенициллин глицеринмен, нафталанмен, резорцинмен,
мырыш тотығымен, тиаминмен, адреналин гидрохлоридімен, эфедрин
гидрохлоридімен, йодпен, йодидтермен сыйымсыз.
Достарыңызбен бөлісу: