505
Қорытынды
Дайын дәрілік түрлердің
артықшылықтарына қарамастан, дәрілік
препараттардың көптеген мөлшері дәріханада дайындалады.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде типтік стандартталған жазылымдар
жасалып шығарылған, дәрігерлер онымен рецептілер
жазып және аурулар
сериялармен босатылатын дәрілерді алады.
Дәріханада дайындалған препараттардың тұрақсыздығын және оны
болдырмау үшін, оларды дәріханада сақтау мерзімін белгілеген (1 тәуліктен
10 тәулікке дейін).
Тұрақсыздық жеке дайындамалардағы препараттардың мөлшерін
азайтатын және сериялық дәріханаішілік өндірістік
препараттардың белгілі
мөлшерін азайтатын заңдылық процесс.
Препараттардың тұрақсыздығының себептері әртүрлі. Қазіргі кезде
препараттардың тұрақтылығы химиялық, физикалық және микробиологиялық
болып бөлінеді. Бұл себептер көбіне бір – бірімен тығыз байланысты.
Фармацевтикалық
технологияның
дамыған
түрі
препараттардың
тұрақсыздығын кемшілік ретінде қарауға мүмкіндік беріп, оларды қосымша
заттардың комплексі,
технологиялық қабылдаулар, орамдауыш және сақтау
тәртіптерінің көмегімен тоқтатуға болады.
Шаншуға арналған ерітінділер.
Бұл дәрілік түрлер емдеу –
профилактикалық мекемелерінің дәріханаларының жалпы рецептурасының
80% құрайды. Шаншуға арналған ерітінділер үшін тұрақтылық түрлерінің
ішнде дәрілік заттардың химиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету үлкен
маңызға ие. БОҒЗИ (ВНИИ) КСРО ДСМ фармациясында шаншуға арналған
ерітінділердің дәріхана ішінде дайындау мүмкіндіктері зерттелген.
Дәріханада бейтарап шыныдан дайындалған
құтыда шаншуға арналған
ерітінділердің 40 жуық түрінің сақтау мерзімі 1 айға дейін бекітілген.
Көз тамшылары.
Шаншуға арналған ерітінділердің тұрақтылық
принциптері, дәріханада дайындалатын көз тамшылары тұрақтылығын
жоғарылату үшін жоғары дәрежеде пайдаланылады. Көрсетілгендей,
дәріханада,
флаконда тығындалған, асептикалық жағдайда дайындалған
көптеген көз тамшылары стерилдеуге және сақтауға (герметикалық тығын
ашылғанша) тұрақтандырғыш қосылмай төзімді. Сақтау мерзімдері 1 айдан
жоғары регламенттелген стерилді ерітінділерге
пилокарпин гидрохлориді,
скополамин гидробромиді, калий иодиді және басқалар жатады. 1 ай
көлемінде сақталатын стерилді ерітінділерге рибофлавин ерітіндісі және
оның аскорбин қышқылымен,
глюкозамен, цитральмен қосындысы,
фурациллин ерітіндісі, димедрол, эфедрин
гидрохлориді және басқалар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: