Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет45/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Микробтық полисахаридтер 
(Polysaccharіda 
mіcrobіca) 
әртүрлі 
қасиеттері бар (гетерогенді жүйелерді тұрақтандыру, әсерін ұзарту және т.б.) 
табиғи полимерлердің маңызды тобын құрайды, осыған байланысты, жағар 
майлар және линименттер үшін негіздер ретінде қолданылады. Кең тараған 
түріне ашытқы саңырауқұлағы көмегімен микробиологиялық синтез жолымен 


80 
алынған аубазидан жатады. Суда жақсы еріп, тұтқыр ерітінділер, 
пластикалық сілбілер түзеді. Аубазиданның 6% және одан жоғары сілбілері 
жағар майлар үшін, 1% - пленкалар үшін негіз ретінде қолданылады. 0,1-0,3% 
концентрацияда көз тамшылары үшін пролонгатор ретінде қосылады. 
Коллаген 
(Collagenum) дәнекер ұлпалардың негізгі ақ уызы, үш 
спиральды құрылысы бар макромолекулалардан тұрады. Коллагенді алудың 
негізгі көзі - ірі қара мал терісі.
Коллаген жараның бетін жабу үшін фурацилин, бор қышқылы, 
метилурацил пленкалары, сонымен бірге, құрамында антибиотиктері бар 
пленкалар түрінде қолданылады. 
Қауіпсіз, ағзадағы толық резорбциясы және утилизациясы, репаративті 
процестерді стимулдау сияқты биологиялық қасиеттерінің болуы, оны дәрілік 
түрлер технологиясында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. 
Желатин 
(Gelatіna)
 
тері кесінділерін буландыру кезінде алынады. 
Желатиннің негізгі аминқышқылдары
– 
гликокол (25,5%), аланин (8,7%), 
аргинин (8,2%), лейцин (7,1%). Желатин – табиғаты ақ уыз жоғары 
молекулалы қосылыс болып табылады. Ол белсенді тұрақтандырғыш және 
эмульгатор, бірақ, өзінің сілбі түзуші қасиетіне байланысты дәріханалық 
тәжірибеде сирек қолданылады. Эмульсиялар қою, тығыз болып, микробтық 
контаминацияға тез ұшырайтын болады. 
Желатин жағар майлар, суппозиторийлер, желатинді капсулалар және 
басқа дәрілік түрлерді дайындау үшін кеңінен қолданылады. 
Желатоза
 
(Gelatosa) желатиннің жартылай гидролизінің өнімі. 
Желатинделуші қабілеті жоқ, бірақ, жоғары эмульгирлеуші қасиеті бар. 
Кемшілігі – стандартты емес, сондықтан, желатоза ерітінділері кейбір 
жағдайларда тұтқыр және тығыз болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет