Оқулық шымкент, 2018 жыл


Натрий-карбоксиметилцеллюлоза



Pdf көрінісі
бет47/387
Дата06.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#183939
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Натрий-карбоксиметилцеллюлоза 
(Methylcellulosum-natrіum) 
целюлоза мен гликоль қышқылының қарапайым эфирінің натрий тұзы (Na-
KMЦ): [C
6
H
7
O
2
(OH)
3-x
(OCH
2
COONa)
x
]
n
, мұндағы: х – бір тізбектегі орын 
басқан -ОН тобының саны; n – полимеризация саны. 
Na-KMЦ ақ немесе әлсіз сарғыш түсті, талшықты, иіссіз ұнтақ. Суық 
және ыстық суда ериді. Әртүрлі концентрацияларда (0,5-1-2%) көз 
тамшылары мен шаншуға арналған ерітінділердегі дәрілік құралдардың 
әсерін ұзарту, эмульсиялар мен жағар майларды тұрақтандыру (4-6%) үшін 
қолданылады. 
Поливинол 
(Polyvіnolum) – синтетикалық суда еритін винилацетатының 
полимері. Поливинол (поливинил спирті – ПВС) молекулалық массасына 
байланысты олигомерлер (4 000-10 000), төмен молекулалы (10 000-45 000), 
орта молекулалы (45 000-150 000), жоғары молекулалы (150 000-500 000) 
болып бөлінеді. 
ПВС - ақ немесе әлсіз сарғыш түсті, қыздырғанда суда еритін ұнтақ. 
Дәрілік түрлер технологиясында 1,4-2,5% ерітінділері суспензияларға 
эмульгатор, қоюлатқыш, тұрақтандырғыш ретінде қосылады, ал 10% 
ерітінділері - жағар май негіздері болып табылады. 
Поливинилпирролидон 
(Polyvіnyl pyrrolіdonum) N-винилпирролидон 
полимері болып саналады. Поливинилпирролидон (ПВП) түссіз және мөлдір
гигроскопиялық полимер (м.м. 10 000-100 000). Суда, спиртте, глицеринде ериді. 
ПВП медицинада және фармацевтикалық технологияда эмульсиялар мен 
суспензияларды тұрақтандыру, таблеткалар мен дражелердің әсерін ұзарту 
үшін қолданылады. Ол, сонымен бірге, плазмаалмастырғыштар, аэрозольдер, 
көз дәрілік пленкаларының құрамына кіреді. ПВП негізіндегі сілбілер кілегей 
қабатқа жағуға арналған жағар майларды дайындау үшін де қажет. 


82 
Полиакриламид
(Polyacrіlamіdum), ПАА – ақ түсті, иіссіз, суда, 
глицеринде еритін полимер. Сулы ерітінділері – жалған пластикалық 
сұйықтықтар. Дәрілік көз пленкаларын дайындау үшін қолданылады, 1% 
ПАА ерітіндісі көз тамшыларының әсерін ұзартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет