Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


істеушілерді осылай марапаттаймыз»



Pdf көрінісі
бет125/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

істеушілерді осылай марапаттаймыз»
, – деген. 
Уәзірдің әйелінің Юсуфты азғыруы 
Осындай қасиеттерге ие жігітке уәзірдің әйелінің көңілі ауды. 
«
(Юсуф) 
тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақ 
болды»
. Сонда оның жасы он жетіде еді делінген. Ол өте көрікті 
жігіт болып өскен-ді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Миғражда Юсуфпен жолыққаны 
туралы хадисте: 
«Шынында, оған сұлулықтың тең жартысы 
берілген екен»
, – деген
1
. Яғни Адамның сұлулығының жартысы.
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 


142
 
 
Уәзірдің әйелі бұл сұлулықтың сынағына шыдай алмай, 
Юсуфты түрлі тәсілдермен өзіне тарта бастады.
«
(Юсуф) 
тұрған үйдің әйелі оның көңілін өзіне тартпақ 
болды да, есіктерді бекітіп: «Қане, кел бері!» – деді. 
(Юсуф)

«Аллаһтан пана сұраймын. Ол 
(күйеуің)
 – қожайыным. Мені 
жақсы 
орынға 
қойды. 
Шын 
мәнінде, 
залымдар 
құтылмайды», – деді»

Зинақорлық зұлымдыққа жатады. Аллаһ тағала оны істеген 
адамдарды құтқармайды. Юсуф оны әуелден-ақ қайтарды және 
оған бөтен ойы да болмады. Өйткені Аллаһ тағала оған даналық 
пен білім беріп, игілік істеушілерден деп атады. Сондай-ақ ол 
өзіне көрсетілген құрметке қарсы мұндай бұзықтық жасаған 
кісінің ешқашан табысқа жетпейтінін білетін. Аллаһ тағала:
«Расында, 
(әйел)
одан ой қылды. Егер Раббысының 
дәлелін көрмесе, 
(Юсуф та)
одан ой қылған болар еді. Одан 
жамандық пен арсыздықты бұруымыз үшін осылай 
(еттік)
»
, – 
деген. 
Яғни уәзірдің әйелімен зина жасау Юсуфтың қаперіне де 
келмеді. Аллаһ тағала жамандықты оның ойына да келмейтін етіп 
қойған. Ол Юсуф туралы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет