Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет127/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы


әйеліне)
: «Сен 
күнәң үшін кешірім тіле! Расында, сен қателесушілерденсің», 
– 
(деді)
»
.
Бұл ар-намысына көңіл бөлетін адамның сөзі емес-ті. 
Бұл хабар тарап кетіп, әйелдер уәзірдің әйелін өсек қыла 
бастады. 
«Қала әйелдері: «Уәзірдің әйелі қолбаласына көңіл 
қойып, оны махаббат билепті. Әлбетте, біз оны ашық адасуда 
көреміз», – десті»
. Әйелдер оны басқа-басқа, қызметкер құлға 
көңіл қойғаны үшін айыптады. Бұл әңгіме уәзірдің әйеліне жетті. 
«Ол әйелдердің өзін сөз қылғанын естігенде, шақыру жіберіп, 
оларға сүйеніп отыратын төсек әзірледі де, әрбіреуіне пышақ 
беріп, 
(Юсуфқа)
: «Шық, оларға көрін!» – деді. 
(Жеміс кесіп 
жеп отырған әйелдер)
көрген сәтте оны зор көріп 
(естері 
шығып)
, өз қолдарын турады. «Уа, Аллаһ! Мынау адам емес, 
бұл – құрметті бір періште ғой», – десті»
. Сонда уәзірдің әйелі: 
«Ал, міне, мені өсектегендерің – осы. Расында, мен оның 
көңілін қаладым. Сонда да өзін арлы ұстады және де ол 
Яғни болған жағдайды ешкімге айтпа. 


144
 
 
бұйырғанымды орындамаса, абақтыға салынып, қор 
болады», – деді»

Енді оған әйелдердің барлығы жабысты. Олар Юсуфтың 
көркіне мас болып, ар-ұяттан жұрдай айрылды. Сөйтіп, барлығы 
оны ханымына құлақ асып, оның айтқанын орындауға үгіттей 
бастады. Әйелдер жан-жағынан азғырып жатқан кезде Юсуф:
«Раббым! Бұлардың шақырғандарынан маған абақты 
жақсырақ. Егер бұлардың сұмдықтарын менен қайтармасаң, 
оларға бейімделіп надандардан болармын», – деді»

Сөйтіп, Юсуф өңшең жоғары таптағы әйелдер итермелеген 
арсыздықтан бас тартты. Сондықтан да көптеген ғұламалар 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) төмендегі хадисін түсіндіруде 
Юсуфке қатысты осы оқиғаны тілге тиек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет