малшылар қайтқанға дейін суара алмаймыз 1 . Әкеміз болса қарт адам», – деді» 2 .
Қыздардың әкелері жасы келіп қалған қария – Шуғайб еді
деген дерек бар. Қыздардың бұл жауабын естіген Мұса бірнеше
кісінің жұмысын жалғыз өзі атқара жүріп, олардың қойларын
суғарып берді. Бұл жұмыс үлкен күш қажет ететін. Мұса
«ол екеуіне (малын)
суарып берді де, (өзі ағаш)
саясына бұрылып: «Раббым! Маған түсірген жақсылықтарыңа мұқтажбын» 3 , –
деп Аллаһқа дұға қылды.
Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Мұса Мәдиянға барған кезінде, көп жаяу жүргендіктен, табанының терісі сыпырылып, орнына шор су жиналып, сүйелге айналған еді. Қарнының ашқаны сондай, іші-ішіне қабысып, тіпті аузынан ағаш жапырағының табы білінетін» , – деген.
Мұсаның Аллаһқа қылған дұғасын әлгі қыздар естіп, үйіне
барғанда болған мән-жайдың бәрін әкесіне түгел баяндайды.
Шуғайб қыздарына жәрдемдескен адамға алғыс айтпақ болып
оны шақыртуға қыздарының бірін жұмсады. Мұны Аллаһ тағала
Құранда:
«Сонда екі әйелдің бірі оған ұялған түрде келді» 4 , – деп
сипаттаған.
Қыз Мұсаға:
«Әкем бізге мал суарып берген ақыңды беруге шақырады» 5 , – деп әкесінің сәлемдемесін жеткізді, Мұса
шақыруды қабыл алып, онымен үйге қарай жүрмекке
ыңғайланады. Бірақ қыз жігіттің алдына түсуге қысылды. Мұса
мұны сезіп оған: «Сен менің соңымда жүре бер. Мен де шамалап
1
Яғни адамдармен таласып-тармасып мал суаруға шамамыз келмейді.
2
«Қасас» сүресі, 23-аят.
3
«Қасас» сүресі, 24-аят.
4
«Қасас» сүресі, 25-аят.
5
«Қасас» сүресі, 25-аят.