Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет158/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
Мұса перғауын сарайында 
Мұса перғауынның сарайында өсті. Ол білімді әрі ақылды 
жігіт болып толысты. Аллаһ тағала:
«Ержетіп, теңелген кезде оған хикмет, білім бердік. Игілік 
істеушілерді осылай сыйға бөлейміз»
1
, – деп айтқан. 
Ол Исраил ұрпақтарының дінін ұстанатын мүміндерден 
болатын. Мұса өзінің исраилдік екенін білетін, сондай-ақ бұдан 
өзге адамдардың да хабары бар-тұғын. Бірақ ол сарайда өмір 
сүріп, перғауынның өкілі ретінде онда үкім жүргізетін және өте 
әділ еді. 
Бір күні ол көшеде жүргіншілер болмайтын түс әлетінде яки 
түн ішінде сыртқа шыққанда, жол бойында төбелесіп жатқан екі 
кісіні көреді. Олардың бірі – исраилдік, ал екіншісі жергілікті 
мысырлық болатын. Исраилдік одан көмек сұрады. Мұны көрген 
Мұсаның ашуы келді. Өйткені исраилдіктің әлсіздігін 
пайдаланып, әлгі мысырлық оны көз алдында қорлап жатқан-ды. 
Сол уақытта Мұса исраилдікті қорғамақ болып, оған бір 
жұдырық жұмсады. Аллаһ тағала:
«Ол ел қаперсіз уақытта қалаға кірді де, онда төбелесіп 
жатқан екі кісіні көрді. Бірі – өз қауымынан, ал бірі дұшпан 
жақтан еді. Сонда өз қауымынан болғаны дұшпанына қарсы 
одан көмек сұрады. Сөйтіп, Мұса жұдырықпен түйіп, оны 
өлтіріп қойды»
2
, – деген. 
Мұса аңырып қалды. Өйткені оны өлтіруді ойламаған-ды. Сол 
кезде ол: 
«Бұл – шайтанның ісі. Өйткені ол – анық 
адастырушы дұшпан», – деді»
3
. Сосын ол жазатайым істеген 
күнәсі үшін тәубе етіп, Аллаһтан:
1
«Қасас» сүресі, 14-аят. 
2
«Қасас» сүресі, 15-аят. 
3
«Қасас» сүресі, 15-аят. 


180
 
 
«Раббым! Расында, өзіме зұлымдық істедім. Мені кешір», – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет