Мұса:
«Мен ол істі істеген кезде қателескен едім. Сондықтан
сендерден қорқып, қаштым. Ақыры Раббым маған хикмет
беріп, пайғамбарлардан қылды. Сенің Исраил ұрпақтарын
құл етіп, маған міндетсінген қайырың осы»
, – деді. Перғауын
одан әрі тәкаппарлана: «
Әлемдердің Раббы деген не тәйірі?»
–
деді. Мұса:
«Егер анық сенетін болсаңдар, Ол – жер-көктердің
әрі екі арасындағылардың Раббы»
, – деп жауап берді.
«Перғауын маңайындағыларға: «Естімей отырмысыңдар?»
–
деді. Мұса сөзін жалғап:
«Ол – сендердің де Раббыларың,
бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы»
, – деді.
Перғауын:
«Нақ осы сендерге жіберілген пайғамбар мүлде жынды»
, –
дегенде, Мұса:
«Егер түсінер болсаңдар, Ол – шығыс пен
батыстың және екі арасындағылардың Раббы»
, – деп тіл
қатты
1
.
Осылайша, Мұса перғауынның санасына сыймайтын
нәрселерді айта бастады. Ал перғауын өзін тәңірмін деп
санайтын. Мұсаның айтқан дәйекті сөздерінен абыройына нұқсан
келуінен қауіптеніп оған:
«Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, сөзсіз, сені түрмеге
саламын»
2
, – деді.
Перғауынның қоқан-лоққысына Мұса:
«Егер саған анық дәлел келтірсем де ме?»
– деп сұрақ
қойды. Перғауын қасарыса:
«Ал шын айтушылардан болсаң,
әкел оны»
3
, – деді.
Перғауынға жасалған дағуат:
«Екеуің барып: «Біз –
Раббыңның саған жіберген елшісіміз. Енді Исраил
ұрпақтарын бізбен бірге жібер. Оларды қинама, саған
1
«Шұғара» сүресінің 16-28-аяттарын қараңыз.
2
«Шұғара» сүресі, 29-аят.
3
«Шұғара» сүресі, 30-31 аяттар.
190
Достарыңызбен бөлісу: |