қырық сиқыршы қатысты делінген. Бұл сиқыршыларды
кішкентайынан перғауын өзі таңдап алып, үлкен сиқыршылардың
қолдарына күштеп тапсырған-ды. Сайыс алдында
«Мұса оларға
(сиқыршыларға)
: «Құрып-ақ қалыңдар! Аллаһқа өтірік жала
жапсырмаңдар. Онда сендерді азаппен жоқ етеді. Расында,
кім жала жапсырса, мүлде зиянға ұшырайды», – деді. Олар
өзара дауласып, жасырын кеңесті»
1
. Кеңесе отырып
сиқыршылар: «Біздің бұл ісіміз шайтанның ісі екендігі өздеріңе
белгілі. Бәсекелесіміз шынымен пайғамбар болса қайтеміз?» –
деп отырып қалды. Әйтсе де есекдәмеге беріліп, бәрі жиылып
перғауынның алдына келді.
«Сиқыршылар келіп перғауынға:
«Егер жеңсек, бізге сыйлық бар емес пе?» – деді»
. Перғауын
оларға:
«Иә, рас. Сендер онда
(маған)
жақындардан
боласыңдар»
2
, – деді. Перғауынның сөзінен кейін сиқыршылар
жұрт алдына шығып, Мұса мен Һарунды нұсқап:
«Бұл екеуі
сиқыршы, сиқырлары арқылы сендерді жерлеріңнен
шығаруды, ардақты діндеріңді жоюды қалайды»
, – деді.
Сонан соң олар өзара бас қосып, бір-біріне:
«Барлық
сиқырларыңды жинап, сосын қатарланып келіңдер.
Расында, бүгін кім үстем болса, сол мұратқа жетеді»
, – десті.
Сөйтіп, сиқыршылар жаппай, біртұтас күйде Мұсаға қарсы
келді. Жұрт тамашалап тұр. Бәсекеге шыққан олар:
«Ей, Мұса!
Не сен асаңды таста немесе біз бұрын тастайық»
, – деп
дауыстады.
Сол мезет Аллаһ тағаладан Мұсаға «Әуелі олар тастасын»
деген уахи келді. Мұса:
«Жоқ, сендер тастаңдар», – деді. Сол
сәтте
олардың
тастаған
жіптері
мен
таяқтары
Достарыңызбен бөлісу: |