210
Мұнан соң Мұса Самиридің бұл әрекетіне үкім шығарып:
«Енді кет! Ғұмырыңда: «Маған жұғыспа» деп өтесің.
Күдіксіз саған әсте өзгермейтін жаза тағы бар. Айнымай
табынған тәңіріңе қара! Расында, оны өртеп, сонан соң
дарияға тастап жібереміз», – деді»
.
Мұса айтқандай, Самири жаман жұқпалы ауруға ұшырап,
адамдар оған жақындамай қашатын болды. Ал бұзау мүсінін
Мұса майдалап, бөлшектеп, өртеп теңізге лақтырып жіберді де,
қауымына:
«Тәңірлерің – Аллаһ қана. Одан басқа ешбір құдай жоқ.
Оның білімі әр нәрсені сыйдырады»
1
, – деді.
Аллаһ тағала бұзау мүсінге табынғандарға қатысты:
«Күдіксіз сондай бұзауды тәңір тұтқандарға Раббылары
тарабынан қаһар тиіп, дүние тіршілігінде қорлыққа
ұшырайды. Қаралаушыларды осылай жазалаймыз»
2
, – деген
үкім шығарды. Осы сәттен бастап олар Қиямет күніне дейін
Аллаһтың азабы мен қаһарына ұшырады. Сол үшін де біз
мұсылмандар әр намазымызда:
«Бізді тура жолға сала көр!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың емес, нығметке
бөлегендеріңнің жолына!»
Достарыңызбен бөлісу: