213
болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені
(бұзауға табынуды)
бұйырған», – де»
1
;
«Бір күнде тауды көлеңке тәрізді Исраил ұрпақтарының
төбелеріне көтердік. Олар оны шын түседі деп ойлады.
«Сендерге берген кітапты мықтап ұстаңдар да, ондағыны
түсініңдер, мүмкін қорқарсыңдар», –
(дедік)
»
2
, – деп баяндаған.
Тұр тауына барған жетпіс кісінің оқиғасы
Мұса Аллаһ тағаланың оларды перғауын езгісінен құтқару
жолында көрсеткен шексіз рақымшылығынан кейін де
қауымының келтірген күпірлігі үшін қысылып, қатты ұялады.
Сондықтан Аллаһтың алдында қауымы үшін кешірім сұрауға Тұр
тауына барғысы келген ол исраилдіктерден
ізгі деп санаған
бұзауға табынбағандардың ішінен жетпіс кісіні іріктеп таңдап
алып, үшінші рет қасиетті мекенді бетке алып жолға шығады.
Аллаһ тағала:
«Мұса белгілі мерзіміміз үшін елінен жетпіс кісі
таңдады»
, – деген. Осы жетпіс кісіні ертіп Мұса тауға шығып
келе
жатқанда, тау тітіреп, сілкінеді. Мұнан қорыққан Мұса
«оларды сілкініс қолға алғанда: «Раббым, егер қаласаң,
оларды да, мені де бұдан бұрын-ақ жоқ етер едің. Ішіміздегі
ақымақтардың қылықтарының салдарынан бізді жоқ етесің
бе? Бұл Сенің бір сынауың ғана. Сонымен қалағаныңды
Достарыңызбен бөлісу: