Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


айналасыңдар», – деді. Олар: «Ей, Мұса! Ол жерде бір



Pdf көрінісі
бет194/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

айналасыңдар», – деді. Олар: «Ей, Мұса! Ол жерде бір 
зорлықшыл ел бар. Солар ол жерден шықпайынша, оған әсте 
кірмейміз. Ал егер олар ол жерден шықса, әрине, кіреміз», – 
деді. Тақуалардан болып, өздерін Аллаһ нығметке бөлеген екі 
кісі: «Оларға қақпадан кіріңдер. Сонда қашан одан 
кірсеңдер, сендер үстем боласыңдар. Егер мүмін болсаңдар, 
Аллаһқа тәуекел етіңдер», – деді»
.
1
«Мәида» сүресі, 82-аят. 


216
 
 
Аятта айтылған екі кісі Юшағ ибн Нун мен Калиб ибн 
Юфанна еді. Оларға исраилдіктер, тіпті Тұр тауында өліп, қайта 
тірілген жетпіс кісі де құлақ аспай:
«Ей, Мұса! Олар ол жерде тұрғанда, оған тіпті кірмейміз. 
Өзің және Раббың барып соғысыңдар. Әрине, біз мұнда 
отырамыз», – деді»

Осылайша, исраилдіктер қалаға кіруден бас тартып, көнбеген 
соң, Мұса алғашқы рет қауымына:
«Раббым! Мен өзім мен туысыма ғана ие бола аламын. 
Бұзақы елден арамызды ажырата гөр!»
– деп қарсы дұға 
қылды. Сол кезде Аллаһ тағаладан: 
«Енді оларға ол жер 
шынымен харам етілді. Олар сол жерде сандалып жүреді. 
Ендеше, бұзақы елге бола қайғырма»
1
, – деген үкім келді. 
Исраилдіктер жапан далада 
Сөйтіп, Аллаһтың үкімімен өздеріне бұйырып тұрған жер 
қырық жылға харам етіліп, олар осы қырық жыл бойы елсіз
жапан далада күн кешті. Илиядан қауымын алып кеткен Мұса 
басқа бір мекенге барып тіршілік етті. Ал енді исраилдіктердің 
жапан түзде қырық жыл бойы қалай күнелткендеріне келер 
болсақ, Аллаһ оларды жойып жіберуді емес, тек жазалауды ғана 
қалаған еді. Кеңшілігі шексіз Аллаһ тағала оларға елсіз далада 
үлкен тастың он екі жерінен су көзін ашып берді. Өйткені олар он 
екі тайпадан тұратын. Олар су шығатын тасты ылғи да өздерімен 
бірге алып жүретін де, қайсыбір жерге тоқтап, тасты жерге қойса, 
сол жерден су ағатын. Енді олар елсіз сахараның ыстығына 
шыдай алмай, Мұсаға келіп, Аллаһқа дұға қылуын өтінді. Мұнан 
соң оларды күннен саялап тұратын бұлт пайда болды. Аллаһ 
тағала:
1
«Мәида» сүресі, 26-аят. 


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет