215
Исраилдіктердің күпірлігі осындай дәрежеде еді. Олардың өз
пайғамбарларына
жасаған мәмілесі осындай болса, онда өзге
пайғамбарлар мен олардың жолын ұстаған мүміндерге не
істемейді?
«Расында, мүміндерге адамдардан ең қатты
дұшпан ретінде яһудилер мен мүшріктерді табасың»
1
.
Исраилдіктердің соғысқа бұйырылуы
Мұса әлгі жетпіс кісіні
ертіп қауымына келген соң,
исраилдіктерді ертіп, Илия қаласына барады. Илия – бүгінгі
Құдыс қаласы. Құдыс ол тұста сол аймақтың астанасы болып
саналатын. Сол уақытта Илия қаласына биліктерін жүргізіп
отырғандар өте қуатты, еңселі, ірі тұлғалы адамдар еді. Мұса осы
аймақты қолға алуды жоспарлады.
Бұл қаладағылар да қарап
қалмай қақпаларды бекітіп, Мұса
мен оның қауымына қарсы
соғысқа дайындалды. Сөйтіп, Мұса исраилдіктерге қамалға
шабуыл
жасауға бұйрық бергенде, олардың тағы да кесірліктері
ұстап, бас тартып: «Біз –
құлдықта болған адамбыз, соғыса
алмаймыз», – деп перғауынның қол астында бірнеше ұрпақ бойы
құлдықта болғандарын желеуретеді. Мұса оларды үгіттеп:
«Маған сеніңдер. Тек
оларға шабуыл жасасаңдар болды, сендер
жеңесіңдер» десе де, көнбеді. Сонда Мұса:
«Ей, елім! Аллаһ сендерге жазған қасиетті жерге кіріңдер.
Арттарыңа
қайтпаңдар,
әйтпесе
зиян
шегушілерге
Достарыңызбен бөлісу: