253
Сүлеймен пайғамбар желдерге Құдыста отырып билік ететін.
Құдыс қаласы желдердің орталығы еді. Осы аталмыш желдің
көмегімен Сүлеймен алыс-шалғай жерлерге аз уақытта жетіп
баратын. Бұл үшін оның бөрене, тақтайлардан біріктіріліп
жасалған сал іспеттес үлкен кілемі бар еді. Егер ол бір алыс
сапарға шығуды қаласа, бүкіл әскері осы кілемнің үстіне
отыратын да, жел оны астынан көтеріп алып ұшып тиісті жерге
жеткізетін. Бұл желдің жылдамдығы сондай, Сүлеймен әскерімен
бір айлық жолды қажет ететін мекенге таң мен түс арасында
барып, түс пен кеш арасында қайтып үлгеретін делінген.
Аллаһ тағала:
«Сүлейменге таңертең бір айлық, кешке бір
айлық
(қашықтықты басып өтетін)
желді
(бағындырдық)
»
1
, –
деген.
Сүлеймен пайғамбардың тағы бір мұғжизасы – Аллаһ тағала
әкесі Дәуітке темір өңдеу қабілетін дарытқаны сияқты оған мыс
көздерін берді. Аллаһ тағала бұл жайлы:
Достарыңызбен бөлісу: