254
қойлар, ал қой иесіне бақша беріліп, қой иесі бақшаға егін егіп,
оны қалпына келтіргенше бақша иесі қойдан пайдалана тұрса...
Бүлінген бақша қалпына келтірілгеннен кейін екеуі қайта
алмасады», – дейді. Әрине, бұл алдыңғыға қарағанда ұтымды
шешім еді. Құранда Аллаһ тағала осы оқиғаға қатысты:
«Дәуіт пен Сүлейменді, екеуі бір адамдардың қойы түнде
егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық.
Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен,
әрқайсысына үкім мен білім бердік»
1
, – деген.
Сондай-ақ Дәуітке бір күні балаға таласқан екі әйел келеді.
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Екі әйел балаларын өздерімен бірге алып жүрген кезде
қасқыр шауып, бірінің баласын алып кетеді. Сонда олар екінші
балаға таласып, үлкен әйел: «Қасқыр сенің балаңды алып
кетті», – дейді. Ал кішісі: «Керісінше, сенікін алып кетті», –
Достарыңызбен бөлісу: