257
тастайды. Көктен түскен хатқа таңырқаған Билқис оны алып
ашып қарағанда, соңында Сүлейменнің қолы қойылған:
«Бисмилләһир-Рахманир-Рахим.
Маған
астамшылық
көрсетпеңдер. Алдыма бойсұнған күйде келіңдер»
, – деген
сөзді оқиды.
Арасы алшақ екі елде (Билқис Йеменде, Сүлеймен
Палестинада) сұлтандық құрған екі патша ешқашан кездеспеген-
ді. Сүлейменнен келген бұл хаттың мәселесін шешуге Билқис
елінің ақсақалдарын жинап:
«Ей, ақсақалдар! Маған бір ардақты хат келді, ол
Сүлейменнен... Менің бұл ісіме қатысты ақыл-кеңес
беріңдер»
, – дейді. Ал олар Билқисқа:
«Біз – қарулы әскері бар күшті елміз, қалай шешуді өзің
ойлап көр»
, – деп нақты ештеңе айта алмады. Сонда Билқис:
«Егер патшалар бір елді мекенге кірсе, оны қиратады және
беделділерін қор етеді. Олар осылай істейді. Мен оларға бір
сыйлық жіберіп, елшілер немен қайтатынын көремін»
, – деп
тоқтамға келеді.
Сөйтіп, ол қисапсыз мал-мүлік, асыл тастар, сыйлықтармен
сол елге елшілер аттандырады. Патшайым тапсырған нәрселерді
жеткізген елшілер жер-жаһандағы теңдесі жоқ, ұлы патшалықтың
иесі, ешкім бағындыра алмайтын нәрселерді бағындырған, ешкім
құра алмаған өркениеттің төрінде отырған патшаны көрді.
Елшілер ханшайымдарының беріп жіберген сәлемдемесін
Сүлейменнің алдына тартқанда, ол:
Достарыңызбен бөлісу: