259
өзіме әділетсіздік етіппін, енді Сүлейменмен бірге әлемдердің
Раббысына бойсұндым»
, – деп иман келтіреді. Бір хабарларда,
Билқистің Сүлейменге тұрмысқа шыққаны жайлы айтылады.
Сүлейменнің дұғасы
Сүлеймен құдірет Иесі тарабынан берілген ғажайып
нығметтер мен биліктің өзінен кейін ешкімге нәсіп етілмеуін
сұрап, Аллаһ тағалаға:
«Раббым! Мені кешір және маған
өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер»
1
, –
деп дұға қылған.
Аллаһ тағала оның тілегін қабыл алып, мұндай билік
Сүлейменнен кейін ешкімге бұйырған емес.
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Кеше кешке жындардың бір дәуі
маған намазымды үзу үшін килікті. Сонда маған Аллаһ сондай
күш берді, оны ұстап алдым да, бәрің көрулерің үшін
мешіттің тіреулерінің біріне байлап қойғым келген еді,
бауырым Сүлейменнің «Раббым! Мені кешір және маған
өзімнен кейін ешкімге тиесілі болмайтын патшалық бер»
Достарыңызбен бөлісу: