271
Яхияның өлтірілуі
Сонымен, Зәкәрия мен Яхия қауымдарының арасында
пайғамбарлық міндеттерін жалғастырып жүрді.
Сол тұста
исраилдіктерді бір залым патша билейтін. Бірақ патшаның бұл
екі пайғамбарға ешқандай қысасы жоқ еді. Бір күндері осы патша
туған ағасының қызының сұлулығы мен сымбатына қызығып,
үйленгісі келді. Қыз да патшаның бұл бейбастығына қарсы бола
қоймайды, шешесі де келісімін береді. Десе де,
олар мұндай
некенің харам екенін өте жақсы білетін. Сондықтан олар Яхиядан
рұқсат алғылары келеді. Осы ниетпен көптеген тарту-таралғылар
жасап, Яхияның көңілін ауламақ боп пәтуа сұрады. Сонда Яхия
жұрт алдына шығып, ағасының қызына үйленудің
харам екенін
жариялады. Бұдан соң жұрт сөзінен қорыққан патша ол қызға
үйленуден бас тартады. Бірақ патша да,
қыз да Яхияға тістерін
қайрап қалады.
Бір түні әлгі қыз патшаның алдында ән салып, би билеп, алуан
түрлі қылықтарымен оны өзіне еліктіреді. Патша оны төсекке
тартқысы келгенде, ол бұған тек өзіне үйленсе ғана келісетіндігін
айтады. Патша: «Мен саған қалай үйленемін, Яхия бұған тыйым
салды ғой?!» – дегенде, қыз: «Маған Яхияның басын әкел! Менің
қалыңмалым сол болсын!» – деп шарт қояды. Мұнысымен
қоймай, шартының сол сәтте дереу орындалуын талап етеді.
Нәпсісі қозып, еліккен патша
пайғамбарды өлтіруге әскер
жібереді. Шабармандар Яхияны ғибадат орнында отырған
жерінде өлтіріп, кесілген басын легенге салып,
патшаға алып
келеді. Сөйтіп, залым патша пайғамбардың басын легенмен әлгі
салдақыға сый ретінде тартады.
Міне, Исраил қауымының азғындығы.
Бір риуаятта: мұнан кейін патша ел ішінде өзіне қарсы бүлік
тууынан қауіптеніп,
Зәкәрияны да өлтіртеді делінсе, басқа
риуаятта ол өз өлімімен өлген делінген. Осылайша, әкелі-балалы
екі ұлы пайғамбар азғындардың қолынан қаза құшты. Бұл кезде