Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Мен оны Мәриям деп атадым, Өзіңнен оны және оның



Pdf көрінісі
бет241/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Мен оны Мәриям деп атадым, Өзіңнен оны және оның 
ұрпағын қуылған шайтаннан пана сұратамын»
2
, – деп дұға 
қылды. 
Шайтан Адамның бүкіл ұрпағын жек көретіндігінен кез келген 
нәресте туылғанда, оны қолымен нұқиды екен. Міне, осы үшін 
Мәриямның анасы дүниеге әкелген сәбиі мен келер ұрпағына 
алаңдап, оларды шайтанның жәбірінен пана сұратып, Раббысына 
дұға қылды.
Ажлан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Адам баласынан әрбір туылған нәрестені шайтан 
саусағымен түртеді. Тек Мәриям бинт Имран мен оның ұлы 
Иса ғана бұдан тысқары»
, – деген
3

Аллаһ тағала Мәриямның анасының айтқан өтініштерін 
көркем даналықпен қабыл алып, ер бала мен қыз баланың арасын 
айырмай Өз үйі Бәйтул-Мақдисте ер балалармен қатар қыз 
баланың қызмет етуін жүзеге асырды. Бұл қалай болған еді? Сол 
ғасырдың ғұламалары бас қосып, «Қыз бала Аллаһ үйінде қызмет 
ете ала ма?» деген мәселені талқылады және қыз баланың 
мешітте қызметте болуына ешқандай кереғарлық таппай
Мәриямды Бәйтул-Мақдиске қабылдауға шешім шығарды. 
«Оны 
Раббысы көркем түрде қабылдады және оны көркем түрде 
бойжеткізді 
(өсірді)
»
4

1
Саған атаған нәзірімді. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 36-аят. 
3
Хадисті Муслим мен Ахмад жеткізген. 
4
«Әлі Имран» сүресі, 37-аят. 


268
 
 
Бәйтул-Мақдисте қалыптасқан тәртіп бойынша нәзірге келген 
әрбір балаға белгілі бір ұстаз кепіл болып, оны өз тәрбиесіне 
алатын. Кішкентай Мәриям ғибадат үйіне алынғанда, оны өз 
кепіліне алуға ниет білдірген ұстаздар өте көп болды. Бәрі де оны 
тәрбиесіне алғысы келеді. Олардың бұл сәбиге қызығушылығын 
арттырған нәрсе Мәриямның пайғамбарлармен қатар аталатын 
текті отбасынан шыққандығы еді. Әкесі Имран, анасы да тақуа, 
діншіл әйелдерден болатын. Ақыр соңында көп талас-тартыстан 
кейін бір келісімге келе алмаған олар: «Біз бұл ісімізге Аллаһты 
төреші қылайық», – деп бәрі қолдарына бір-бір қаламнан алып, 
оны өзенге лақтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет