Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет46/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

 
 
ХХ ғасырда ғалымдар Нұхтың кемесін іздеп тапты. Кеме екіге 
бөлініп кеткен. Біз жоғарыда сипаттағандай, төбесі жабық, үш 
қабатты кеме Түркиядағы Жуди тауынан табылған. Ол кеме 
бейнетаспаға да түсіріліп, кезінде телехабарлар арқылы да 
көрсетілді. 
Топан су 
Кеме жасалып біткен соң топан су келді. Аллаһ тағала Нұхқа 
белгі берді. Ол Нұхқа осы белгі көрінген кезде мүміндер мен өз 
отбасын және жер бетінде өмір сүретін жануарлардың 
әрқайсысынан бір жұптан алып кемеге мінуді бұйырды. Ал ол 
белгі тандырдан судың қайнап шығуы болатын. «Тандыр» сөзі 
туралы Құран тәпсіршілерінің бір-біріне қарама-қайшы пікірлері 
бар. Кейбіреулері тандырды су шығатын бұлақ деп ұққан. Бірақ 
бұл пікірлердің ең дұрысы, аяттағы «тандыр» – кәдімгі от жағып 
нан пісіретін орын. Аллаһ тағала: 
«Ақыры әміріміз келген уақытта, тандырдан су қайнады. 
(Нұхқа)
оған 
(кемеге)
әр нәрседен бір жұп және 
(жазаға)
үкім 
етілгендерден басқа, отбасың мен иман келтіргендерді 
орналастыр», – дедік. Негізінде, онымен бірге аз ғана 
(адам)
 
иман келтірді»
1
, – деген. 
Сонымен, бір күні Нұх сол белгіні көрді. Тандырдан су қайнап 
шыға бастады. Ол тездетіп, беткейдегі кемеге бет алды. Ал онда 
жер бетіндегі әрбір жануардан бір-бір жұп жиналып, кемеге 
мінуді күтіп сап түзеп тұр еді. Аллаһ тағала оларды жер 
шарының әр қиырынан жинаған-ды. Кеменің астыңғы қабатына 
жыртқыштар мен өзге де жануарлар, орта қабатына адамдар, ал 
үстіңгі қабатына құстар орналасты. Нұх кемеге өзіне ерген 
мүміндерді және жан-жануарларды жайластырып болған кезде 
Аллаһ тағаладан жер бетіндегі нәрселердің барлығының 
1
«Һуд» сүресі, 40-аят. 


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет