52
«Раббым, мені, ата-анамды, үйіме мүмін болып кіргендерді
және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді кешіре гөр! Ал,
әділетсіздерге құрып кетуден басқаны арттырма!»
1
;
«Раббым! Мені елім өтірікшіге шығарды. Енді мені мен
олардың арасын ашып
(үкім бер)
! Мені және менімен бірге
мүміндерді де құтқар!»
2
– деп дұға қылды.
Кеме жасау
Нұх Аллаһ тағалаға жәрдем беруін сұрап дұға қылды. Сонда
Аллаһ:
«Сонда оған: «Біздің бақылауымыз және нұсқау-
уахиіміз бойынша кеме жаса. Қашан әміріміз келіп,
тандыр
(дан су)
қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және
(жазаға)
үкім берілгендерден басқа, отбасыңды алып оған
(кемеге)
түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған сөз
айтпа. Өйткені олар суға батуға тиіс», – деп уахи еттік»
3
, –
деген.
«Біздің бақылауымыз және нұсқау-уахиіміз бойынша
кеме жаса»
дегені: Яғни Аллаһ тағала Нұхқа кемені Жәбірейіл
періштенің үйретуімен жасауды бұйырған. Кеме өте алып үлкен
еді. Бір хабарда оны жүз жылда жасап бітірді деп айтылады. Олар
кемені құрлықта жасады. Ағаш
болмағандықтан өздері ағаш
отырғызып, сол ағаштар жетілген соң барып кеме жасауды
бастаған.
Арнайы темір әкеліп, шеге дайындаған.
Аллаһ тағала Құранда бұл туралы:
«Оны шегелер мен тақтайлардан тұратынға
(кемеге)
орналастырдық»
4
, – дейді.
1
«Нұх» сүресі, 28-аят.
2
«Шұғара» сүресі, 117-118 аяттар.
3
«Муминун» сүресі, 27-аят.
4
«Қамар» сүресі, 13-аят.