бе? Бізге Раббымыздың алдында шапағат етпейсің бе?» – дейді» 1 , – деген.
Сондай-ақ Нұх өзіне жүктелген аманатты қауымына толық
жеткізген. Әбу Сағид ал-Худриден (Аллаһ оған разы болсын)
жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
« (Қиямет күні)
Нұх пен қауымы келеді де, Аллаһ тағала (Нұхқа)
: « (Дінді, таухидті)
жеткіздің бе?» – дейді. (Нұх)
: «Иә, Раббым», – дейді. Аллаһ тағала (оның қауымынан)
: «Сендерге (дінді, таухидті)
жеткізді ме?» – деп (сұрайды. Қауымы)
: «Жоқ! Бізге пайғамбар келген емес», – дейді. Аллаһ тағала (Нұхтан)
: «Кім саған куәлік береді?» – деп (сұрайды. Нұх)
: «Мұхаммед пен оның үмбеті», – дейді. Сөйтіп, біз оның жеткізгендігіне куәлік береміз. Аллаһ тағаланың «Осылай сендерді (артық-кемсіз)
орташа бір үмбет қылдық. Адамдарға куә болуларың, сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін» 2 дегені осы» 3 , – деген.
Барлық пайғамбарлар Нұх сияқты үмбетін пайда әкелетін
барша жақсылықтарға бұйырып, зиян келтіретін жамандық
атаулыдан қайтарған. Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі
екеуіне разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сахабаларға дажжал
4
туралы әңгімелей отырып:
«Мен сендерді одан сақтандырамын. Барша пайғамбарлар қауымдарын одан сақтандырған. Нұх та қауымын одан сақтандырған»