64
алыңдар. Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар, сонда
жетістікке жетерсіңдер»
1
, – деген.
Олар араб болатын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Заррға (Аллаһ
оған разы болсын) пайғамбарлар мен елшілер туралы әңгімелей
отырып:
«Олардың төртеуі араб: Һуд, Салих, Шуғайб және өзіңнің
Пайғамбарың, ей, Әбу Зарр!»
, – деген
2
.
Исмаилдың алдында өмір сүрген арабтар – таза арабтар.
Олардың ең танымал тайпалары: ад, самуд, журһум, умәйм,
мәдиян, амлақ, қахтан және тағы басқалар еді.
Ал арабтанған арабтар Исмаилдан кейін оның ұрпағынан
тарады. Исмаил араб емес болатын. Оның әкесі Ибраһим Бабыл
жерінен еді. Әкесі оны Меккеге тастаған соң, ол сонда өсіп,
журһум арабтарымен араласа келе, олардың біріне айналды, тіпті
олардың ең шешен тілділерінен саналды. Арабтардың және
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шешендік өнері сол кісіден қалған.
Ад қауымы үй соғу өнерін өте шебер меңгерген-ді. Шатыр
үйлер олардың ең сүйікті тұрағы болатын. Бірақ бұл шатырлар
қарапайым тұрғызылмаған-ды, өте алып, биік боп келетін. Олар
өздерінің осы шеберліктерін дамытып, оны мақтан тұтатын.
Аллаһ тағала олар туралы:
Достарыңызбен бөлісу: