78
көмектесуге уәде етті. Сосын олар иман келтірмеген адамдармен
кеңесті, олардың бәрі де түйені өлтіруге келісімдерін берді. Сол
тоғыз кісі туралы Құранда:
«Қалада жер бетінде бұзушылық жасап, түзетушілік
етпейтін тоғыз кісі бар еді»
1
, – деп айтылады.
Сонымен, әлгі тоғызы жолда түйені аңдып тұрды. Түйе
олардың қасына келгенде, Құдар оған шабуыл жасауды бұйырды.
Олар түйеге өлтірмек болып жақындағанда оның алыптығынан
қорқып қашты. Сонда Құдар оларды әжуалап, оған өзі барып,
оның аяғынан ұрды және сирағын сындырды. Түйе жерге құлап
түсті. Аллаһ тағала бұл жауыздық туралы Құранда:
«Сонда олар жолдастарын шақырды да,
(ол түйені)
өлтірді»
2
;
«Олар оны жалғанға шығарып,
(түйені)
өлтірді. Сонда
Раббылары оларға күнәларының салдарынан апат жіберіп,
Достарыңызбен бөлісу: