Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да, үйлерінде



Pdf көрінісі
бет71/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да, үйлерінде 
етпеттеген бойларында қалды»
1

«Самуд
(елінде ғибрат бар)
. Сол уақытта оларға «Бір 
мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар» делінді. Сонда олар 
Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан оларды 
қарап тұрғандарында найзағай қолға алды. Сонда олардың 
тұруға да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді»
2

«Зұлымдық істегендерді ащы дауыс алып, олар өз 
үйлерінде етпеттерінен түсті. Тіпті олар ол жерде отырмаған 
сияқты болды»
3

1
«Ағраф» сүресі, 78-аят. 
2
«Зәрият» сүресі, 43-45 аяттар. 
3
«Һуд» сүресі, 67-68 аяттар. 


81
 
 
«Расында, оларға қатты бір дауыс жібердік те, олар 
шарбақ қораның үгітіндісі сияқты болып қалды»
1
, – деген. 
Аллаһ тағала олардың барлығын жер бетінен жойды. Ал 
Салих пен онымен бірге иман келтіргендерді бұл апаттан 
құтқарды. Аллаһ тағала:
«Әміріміз келген кезде Өз мейірімізбен Салихты және 
онымен бірге иман келтіргендерді құтқардық. Сондай-ақ сол 
күннің қорлығынан да 
(құтқардық)
. Күдіксіз, Раббың, Ол өте 
Күшті, аса Үстем»
2
, – деп айтқан. 
Олардың тарихи қалдықтары әлі күнге дейін сақталған. 
Мәдина қаласынан солтүстік-батысқа қарай 380 шақырым 
қашықтықта орналасқан Мәдәин Салих деген жерден олардың 
үйлерінің орнын көруге болады. Аллаһ тағала: 
«Міне, олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері 
білген елге бір ғибрат»
3
, – деген. 
Бұл қиссаның шындығына ешкім шүбәланбауы үшін және 
одан мүміндердің ғибрат алуы үшін Аллаһ тағала олардың 
үйлерінің белгілерін қазіргі күнге дейін сақтаған. 
Сол бір апаттан кейін Салих бұл жерден көшіп кетті. Аллаһ 
тағала:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет