Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет73/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

«Шынында, самуд елі Раббыларына 
қарсы келді. Самуд елі құрысын!»
3
– деген. 
Міне, Құранда жиырмадан астам жерде мүміндерге естелік әрі 
уағыз-насихат ретінде баян етілген Салих пен оның қауымы 
туралы қиссаның қысқаша мазмұны осылай. 
1
Хадисті Ахмад жеткізген. 
2
Хадисті әл-Бұхари мен Муслим риуаят еткен. 
3
«Һуд» сүресі, 68-аят. 


83
 
 
Салихтың қиссасынан алынар өнеге 
Бүгінгі күнде де Аллаһтың жолына шақырушы мұсылман 
бауырларымыз 
Самуд 
қауымының
 
«Шынында, 
сен 
сиқырланғандардың бірісің»
дегені секілді әр түрлі сөздер естуі 
мүмкін. Бірақ ондай сөздер оның көңілін қажытып, дағуатының 
тоқтауына 
себеп 
болмау 
керек. 
Біз 
түгіл, 
тіпті 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне де кәпірлер «жынды», 
«сиқыршы» деп айып таққан, тағы басқа бұдан да зорын айтқан. 


84
 
 
ИБРАҺИМ (АЛӘЙҺИС-СӘЛӘМ) 
Ибраһим Бабыл (Вавилон) жерінде 
Самуд қауымымен болған оқиғадан кейін біршама уақыт өтіп, 
Аллаһтың тура жолынан ауытқу қайта басталды. Шайтан оларды 
жаңа тәсілдермен азғыра бастады. Күпірлік Палестинада, Арабия 
(Арабстан) жерлерінде, Ирак және Мысыр елдерінде тарады. 
Сонда Аллаһ тағала тағы бір пайғамбарды жіберді. Ол – 
пайғамбарлардың ішіндегі Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейінгі ең 
абзалы 
әрі 
елшілердің 
ұлы 
бестігінің 
ішіне 
кірген 
пайғамбарлардың атасы Ибраһим ибн Тарих. Оның әкесін Азар
1
– 
деп те атаған. Өйткені ол қауымына көп көмектесетін еді. 
Ибраһимнің қиссасы Құранда жетпіс үш жерде, жиырма бес 
сүреде баян етілген. Бұл осы әңгіменің қаншалықты ұлылығын 
айғақтайды! Ибраһим Нұхтың ұлы Самның ұрпағынан тарайды. 
Ол Ирактың солтүстігіндегі қазірге дейін белгілі Бабыл 
қаласында өмір сүрді. Бабыл өте үлкен әрі өркениетті ел 
болғанымен, онда пұтқа табынушылық көбейген-ді.
Аллаһ тағала Құранда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет