92
Намруд сол кездегі бүкіл жер жүзіне үкімін жүргізіп отырған
патша еді. Бір деректе: Әлемді түгелге жуық билеген төрт үлкен
патша болған. Олардың екеуі мүмін: Сүлеймен және
Зұлқарнайын, ал екеуі кәпір:
Намруд пен Бухтунсар деп
айтылған.
Ибраһим оған:
«Раббым өлтіреді және тірілтеді»
1
, – деді.
Сол уақытта Намруд абақтыдан өлім жазасына кесілген екі
кісіні алып келуді бұйырды. Ол
екеуінің бірін өлтіріп, бірін
босатты да:
«Мен де өлтіремін және тірілтемін»
2
, – деді.
Ибраһим бұл жерде мұндай тар
ойлау шеңберінің аясында
емес, ол негізгі өмір мен өлім турасында айтқан болатын. Сонда
ол бұдан да күшті бұлтартпайтын дәлел ұсынып:
«Расында,
Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан
келтірші», – деді. Сонда кәпір сасып қалды. Аллаһ залым елді
тура жолға салмайды»
3
.
Бірақ ол Ибраһимнің оттан аман қалғанын біліп,
оған қарсы
шығуға бата алмай: «Біздің арамыздан кет!» – деді. Сөйтіп,
Ибраһим Иракты тастап шығып, Шам еліне бет алды.
Достарыңызбен бөлісу: