Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2



Pdf көрінісі
бет82/266
Дата06.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#183940
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   266
Байланысты:
Пайғамбарлар қиссасы

Ибраһим Харран жерінде 
Ол Сириядағы Харран деген жерге барды. Бұл кезде ол немере 
ағасының қызы Сарраға үйленген болатын.
Сонымен, 
«Оған Лут иман келтірді. 
(Ибраһим)
: «Мен 
Раббым үшін қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол – аса 
Үстем, өте Дана», – деді»
4

Аллаһ тағала: 
«Оны мен Лутты құтқарып, әлемдер үшін 
мүбәрак болған жерге жеткіздік»
1
, – дейді. 
1
«Бақара» сүресі, 258-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 258-аят. 
3
«Бақара» сүресі, 258-аят. 
4
«Анкабут» сүресі, 26-аят. 


93
 
 
Олар Харранға келіп, сол жерге қоныс тепті және сол елді 
Аллаһ жолына шақыра бастады. Харрандықтар жұлдыздарға 
табынатын еді. Ибраһим оларға жұлдыздарға сыйынудың бекер 
екендігін көрсеткісі келді. Бұл Құран аяттарында: 
«Сөйтіп 
Ибраһимге айқын сенушілерден болуы үшін аспандар мен 
жердің кереметтерін көрсеттік»
2
, – деп әңгімеленеді. 
Яғни Аллаһ тағала оған жұлдыздар мен ғаламшарлардың 
сырларын және көктер мен жердің кереметтерін ашты. 
Адамдардың көз жанарындағы тосық перде оныкінен алынды. 
Сөйтіп, ол қазіргі кездегі обсерваториялар айқындай алмайтын 
нәрселерді көретін болды. Кейбір адамдар Ибраһимді 
жұлдыздарға табынған, кейін Аллаһ оны тура жолға бағыттады 
деген негізсіз пікірлер айтады. Бұл – үлкен қателік. Көктер мен 
жердегі құпия сырларды анық көрген адам оларды жаратқан 
Аллаһтан өзгеге сиына ма?! 
Сонымен, Ибраһим харрандықтарға ақиқатты көрсету үшін 
олармен сөз таластырды. Аллаһ тағала:
«Түн қараңғыланған кезде, 
(Ибраһим)
бір аспан денесін 
(ғаламшарды)
көріп: «Міне, осы – менің Раббым», – деді. Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   266




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет