23
(ведомство) халық шаруашылығы саласының сипаттамаларын ескере отырып
пайдалану талаптарын белгілейді.
Ведомстволық нормативті құжаттарды Ресейдің ведомстволары мен
министрліктері оларға берілген құқықтарға сәйкес
бекітеді және аталған
құжаттар министрлік құрамындағы (ведомство) барлық ұйымдар, мекемелер
мен кәсіпорындар үшін міндетті болады. Ведомстволық нормативті құжаттар
халық шаруашылығының салаларының аталған министрлік (ведомство)
басшылық жасайтын ғимараттар мен құрылымдардың
құрылысын және
жобалауды жүзеге асыратын мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың
орындауы үшін міндетті болады.
Ведомстволық нормативті құжаттар негізгі нормативті құжаттарға қайшы
келмеуі немесе оларды көшірмеуі керек.
Ведомстволық нормативті
құжаттарға
ведомстволық
(салалық)
құрылыс
нормалары
(ВҚН),
ведомстволық технологиялық реттеу нормалары (ТТЖН), сонымен қатар,
жекелеген сметалық нормативтер жатқызылады.
Ведомстволық құрылыс нормалары жобалау,
инженерлік ізденістер және
құрылысқа қойылатын талаптарды, сонымен қатар, ғимараттарды құрылыстар
мен құрылымдарды сипаттамаларын ескере отырып пайдалануды реттейді.
Бұл құрылыс нормаларын сәйкес министрліктер өздеріне берілген құқық
шеңберінде бекітеді.