Технологиясы


ISBN 978-601-333-033-4(каз.)



Pdf көрінісі
бет2/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

ISBN 978-601-333-033-4(каз.)
ISBN 978-5-4468-3441-9
(рус.)



Кіріспе 
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде экономиканың және басты 
өндірістік күш ретінде адамның өзінің, сонымен қатар, қоғамның 
жоғары құндылықтарының мүдделері өскелең ұлпақты оқыту мен 
тәрбие берудің жаңа тәсілдерін қарастыруды талар етіп отыр. Осы 
тұрғыда жас жұмыскерлерді кәсіптік дайындаудың сапасын 
арттырудың өзектілігі мен тәжірибелік маңызы арта түседі. 
Қазіргі таңда халық шаруашылығы салаларында орын алып 
отырған сапалық өзгерістер кең бейінді жұмыскерлерді дайындаудың 
объективті алғышарты болып табылады. Еңбек түрі мен сипатын 
жылдам өзгертуге қабілетті жұмыскерлер, мысалы, құрылғыларды 
монтаждау, жөндеу және қызмет көрсетуді жүзеге асыра алатын 
жұмыскерлер 
сұранысқа 
ие 
болып 
отыр. 
Жұмыскерлердің 
шығармашылық қабілеті, өз еңбегін жоспарлау, ұйымдастыру және 
бақылау біліктілігі, оңтайлы шешімді таба білуі, өз бетінше білімін 
жетілдіруі және оны тұрақты құбылмалы сыртқы жағдайда қолдана 
білуі оның сәтті еңбек қызметінің басты кепілдігі болып табылады.
Кең бейінді жұмыскерлер өндірістің технологиялық базисінің 
өзгерісі жағдайында жоғары кәсіптік икемділік пен мобилділік 
байқатады. Кәсіптік дайындықтың тар бейіні өндіріс шарттарының 
өзгеруіне жылдам бейімделуді қамтамасыз ете алмайды, ал заманауи 
білікті жұмыскер өндірістің ағымдағы ғана емес, болашақтағы 
шарттарына да дайын болуы керек. Осы мақсатта оған жалпы орта 
білім және кең бейінді жалпы техникалық немесе жалпы салалық 
дайындық беріліп, ол оқытудың соңғы кезеңінде арнайы дайындықпен 
сабақтасуы керек. 
Заманауи жұмыскер жалпы білім, жалпы техникалық және жалпы 
өндірістік білім мен біліктілікке ие болуы керек, яғни оның дайындығы 
политехникалық білімге негізделуі тиісті. Бұл оған аталған өндіріс 
жүйесінде дұрыс бағдарлануға, технологиясы тұрғысынан өзара 
байланысты күрделі жұмыс түрлерін орындауға, біліктілігін тұрақты 
түрде арттыруға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге, еңбекті ұйымдастыру 
формасы әр түрлі қарқынды даму үстіндегі өндіріс жағдайында өнімді 
және шығармашыл жұмыс жасауға мүмкіндік береді. 
Аталған оқу әдістемесі электротехникалық бейіндегі келесі 
мамандықтар бойынша жұмыскерлер дайындауға арналған: 
• тарату құрылғылары бойынша электрлік монтаждаушы;
• кабель желілері бойынша электрлік монтаждаушы;
• жарықтандыру және жарықтандыру желілері бойынша электрлік
монтаждаушы; 
• күш желілері және электрлік құрылғылар бойынша электрлік
монтаждаушы; 
• екіншілік тізбектер бойынша электрлік монтаждаушы;
• электролік монтаждаушы-реттеуші;



1.

темір жол көлігіндегі және жер үсті метрополитен желілеріндегі 
дабылдама және тосқауылдау бойынша электрлік монтаждаушы. 
Оқу әдістемесі барлық білім алушыларға арналған бірегей оқу 
материалдарынан 
және 
әр 
мамандық 
бойынша 
жіктелген 
материалдардан құралады. 
Барлық мамандықтар үшін базалық деректер бір типті техникалық 
еңбек құралдары туралы мәліметтер, өндіріс технологиясының жалпы 
негіздері, жұмыскердің өндірістік қызметінің жалпы функциялары 
туралы мәліметтер болып табылады. Оқу әдістемесіндегі жалпы және 
дифференциалды материалдың қатынасы аталған мамандықтардың 
техникалық ортақтығы деңгейімен және білім алушылардың кәсіптік 
дайындығын жоспарлы кеңейту деңгейімен анықталады. 
Аталған мамандықтар топтары үшін ортақ мәліметтер: 
электрлік монтаждау жұмыстарының негіздері туралы мәліметтер; 
жарықтандыратын және күш электрлік қондырғыларын монтаждау, 
қызмет көрсету және жөндеу мәселелері; 
кабельдік және әуе желілерін монтаждау, қызмет көрсету және 
жөндеу мәселелері; 
өнім сапасын бақылау және стандарттау бойынша мәліметтер; 
электр энергиясын өндіру, беру және тарату мәселелері; 
қорғаныштық жерге тұйықтауды орнату және монтаждау 
мәселелері. 
Әрбір 
жеке 
мамандық 
үшін 
арнайы 
мәселелерге: 
өлшеу 
трансформаторларын монтаждау, екіншілік тізбектерді, жинақты 
трансформатор подстанцияларын, кешенді тарату құралдарын және т.б. 
монтаждау жатқызылады. 
Оқу әдістемесінде тізбекті түрде саланың құрылымы және оны 
басқару сызбасы, электрлік монтаждау техникасы және технологиясы, 
қолданылатын материалдар мен техникалық құралдар туралы 
мәліметтер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері көрсетілген, 
бұл білім алушылардың таңдалған мамандығы туралы тұтас түсінігі 
қалыптасуын қамтамасыз етеді. 
Оқу әдістемесіндегі оқу материалының мазмұны және көлемі 
қолданыстағы бағдарламаға, сәйкес мамандықтардың кәсіптік-
біліктілік сипаттамаларына, мамандық бойынша оқу жоспарына сәйкес 
келеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған үш деңгейлі сауалдар жүйесі (I, II, III) 
оқытудың барлық кезеңдерінде білім алушыларды дайындау сапасын 
бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 



1 т а р а у . Э Л Е К Т Р Э Н Е Р Г И Я С Ы Н Ө Н Д І Р У ,
Б Е Р У Ж Ә Н Е Т А Р А Т У


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет