Технологиясы



Pdf көрінісі
бет3/256
Дата06.10.2023
өлшемі9,83 Mb.
#183972
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256
Байланысты:
Электр монтаждау технологиясы В.М. НЕСТ ЕРЕНКО, А.М.МЫСЬЯН ОВ

1.1.
 
Электр энергиясы туралы негізгі мәліметтер 
Кез 
келген 
мемлекеттің 
техникалық 
даму 
деңгейінің 
басты 
көрсеткіштерінің бірі оның энергетикасының даму деңгейі болып табылады. 
Заманауи энергетика – бұл негізінен электр, яғни электр энергиясын өндіру 
және тұтыну мемлекеттің даму деңгейін анықтайды. 
Электр энергиясы өнеркәсіптің, құрылыстың, көлік пен ауыл 
шаруашылығының барлық салаларында пайдаланылады, осының салдары 
ретінде оған бірқатар қасиеттер тән болады: оны үлкен арақашықтыққа беруге 
болады, оны энергияның басқа түрлеріне – механикалық, жылулық, химиялық 
энергияға түрлендіруге болады. 
Электр энергиясы бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған шақырымдарға 
жететін арақашықтықтарға беру электр станцияларын отын немесе суы мол 
өзендердің орналасқан орнына жақын жерлерге салуды негіздейді, бұл 
отынды электр энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқан электр 
станцияларына үлкен қашықтыққа тасымалдаумен салыстырғанда үнемді 
болып табылады. 
Электр энергиясын электрлік тартпалар көмегімен механикалық энергияға 
түрлендіру мүмкіндігі, яғни ауқымды және күрделі бу машиналары мен іштен 
жану қозғалтқыштарының орнына энергия алу үшін құрылымы қарапайым 
және қолайлы электрлік қозғалтқышты пайдалану кәсіпорындардың 
өндірістік алаңдарын тиімді пайдалануға, пайдалану шығындарын 
төмендетуге, өндірістік үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сол 
себепті заманауи өнеркәсіптік кәсіпорындар қуаты бірнеше ваттан бірнеше 
жүздеген немесе мыңдаған киловаттарға жететін электрлік қозғалтқыштармен 
жабдықталады. Электрлік қозғалтқыштарды қолдану ауқымын қазіргі кезде 
олардың Ресейде өндірілетін электр энергиясының 50 % астамын 
тұтынатындығы көрсетіп отыр. Электр тек өнеркәсіпте ғана емес, көлік 
саласында да кеңінен қолданыс тапқан, оның көмегімен пойыздар, 
трамвайлар, троллейбустар және тіпті автомобильдер қозғалысқа келеді. 
Дегенмен, электр энергиясының рөлі, қолдану мүмкіндіктері мен ауқымы 
оның әр түрлі өндірістер технологиясында қолданылуына тоқталмаған 
жағдайда толықтай сипатталмайды: оның көмегімен болатты қайнатады
металдарды дәнекерлейді және кеседі, металл беттеріне тұрақты коррозияға 
қарсы жабындар жабады және т.б. 
Электрдің өндірістік үдерістерді автоматтандыру мен телебасқарудағы 
рөлі де зор. Мұнда қазіргі ғылымға белгілі ешбір энергия түрі электр 
энергиясын толықтай алмастыра алмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   256




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет