Тақырыбы: Оқыту құралдары, олардың оқу тәрбие жұмысында алатын орны Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі51,3 Kb.
#121231
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қаз ИТ Дс 7


Тақырыбы: Оқыту құралдары, олардың оқу тәрбие жұмысында алатын орны

Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар
Телебаяндамалар, телеконференциялар, қашықтықтан оқыту жүйесі соңғы жылдары кеңінен қолданыс тапқан компьютерлік телекоммуникациялардың түрлері болып табылады.
Телекоммуникация (грек тілінен аударғанда tele –шалғай, алыс, communicatio - қарым-қатынас) – өндірілген мәліметтің ұзақ қашықтыққа техникалық құралдар арқылы берілуі (телефон, телеграф, радио, теледидар, компьютер т.б.).
Әр түрлі құрал жабдықтар телекоммуникациялық жүйелер арқылы біріктіріледі: ЭЕМ және телефастар, телекстер мен видеомониторлар, роботтар мен телеакмералар т.с.с.
Компьютерлік телекоммуникациялардың басты құралы компьютер болып табылады.
Мәліметтің бір компьютерден екінші компьютерге берілуі синхронды байланысқа жатса, хабарламаларды жинап, оларды персональды компьютерге қолданушының өз еркімен ЭЕМ арқылы іске асыратын байланыс асинхронды болып табылады.
Компьютерлік коммуникациялар қазіргі таңда білім беру жүйесіне де енуде. Жоғарғы оқу орындарында оларды ғылыми зерттеулердің координациясына, ғылыми жобаның қатысыушылары арасында мәлімет алмасуға, қашықтықтан оқытуға, кеңес ұйымдастыруға қолданады. Мектептік білім беру жүйесінде оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыруға, оларды шығармашылық еңбектерге баулуға, ғылыми зерттеу әдістерін кеңінен қолдана отырып, ел ішінде сонымен қатар шет елдермен де мәлімет алмасуға жол ашады.
Телекоммуникациялық технология орасан зор мүмкіншіліктер береді. Бұл технология Ресейдің тек шалғайда орналасқан кішігірім ауылдарында орналасқан мектептері үшін ғана емес, сонымен қатар науқас балаларға, мүгедек балаларға білім алуына жағдай жасайды.
Ең танымал әрі қолайлы телекоммуникациялық жүйе ғаламтор болып табылады. Ғаламтор дегеніміз университеттер мен зерттеу ұйымдары, мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорын мүшелері жұмыс атқаратын бүкіләлемдік жүйелердің жиынтығы. Ғаламтордың құрамына кіретін жүйелер бірыңғай протоколдарға негізделеді, алайда олар әлемнің басқа да жүйелерімен арнайы шлюздер (жүйе арқылы келетін бүкіл мәліметтің протокол жүйесімен қажетті форматқа айналдыратын компьютерлер) арқылы мәлімет алмасады.
Ғаламтор алғаш рет осыдан жиырма жыл алдын АҚШтың қорғаныс минмстрлігінің тапсырысымен АҚШта ARPAnet телекоммуникациялық жүйелерін біріктіретін құрылғы ретінде пайда болды. Қазіргі таңда ғаламтор бүкіл әлемге тараған және оның қолданушылары бүгінгі күнде жиырма миллионнан астам адамды құрайды.
Байланыс жүйесі ақпарат ағымын ғаламторға қосылған бір компьютерден екінші компьютерге олардың арасында байланыстың болу не болмауына қарамастан аудара береді.
Ғаламтор автоматты түрде ақпарат ағымын өз бағытына жеткізу үшін өзіне қажетті маршрутты таңдайды. Осыған негізделе отырып ғаламтор мүмкіншіліктерін қолданатын көптеген қызметтер пайда болды.
Электрондық пошта (e-mail) терілген мәліметтер, графиктер, ресми құжаттар, фотосуреттер, кескіндер, газет пен журналдарды электрондық жолмен жіберу және мәліметтерді өңдеу үшін қолданылады. Оның көмегімен кез келген ғаламтор қолданушысына электронды хат (текст немесе файл) жіберуге болады. Хаттың жету мерзімі көбіне бірнеше сағаттан аспайды, ал кейде ол бар болғаны бірнеше минутты құрайды.
Электрондық пошта арқылы бір мекемеде орналасқан немесе ғаламшардың кез келген нүктесіндегі адамдар бір бірімен қарым қатынасқа түсе алады.
Электронды пошта мына мақсаттар үшін қолданылады:

  1. Басқа қолданушыға хат жіберуге;

  2. Бір хатты бірнеше қолданушыға жіберуге;

  3. Арнайы тізім бойынша хатты бірнеше ұйымдарға жіберуге;

  4. Тексттік файлдарды жіберуге;

  5. Компьютерлік бағдарлама, графикалық кескін, электрондық кескін және аудио видеолық мәліметтерді жіберуге;

  6. Электрондық журналды таратуға;

  7. Жүйе арқылы соңғы жаңалықтар мен хабарландыруларды таратуға;

Электронды пошта сонымен қатар компьютердің жойылған бағдарламаларына жол ашу үшін де қолданылады. Мұндай ЭЕМ бірнеше шағын функцияларды орындайды, бұл сәтте ол ЭХТ (электронды хабарламалардың тақтасы) деп аталады, немесе ол кең ауқымды функцияларды да орындайды, мысалы хатты үлкен ауқымдағы арақашықтыққа жіберу. Мұндай жағдайда қолданушылар электрондық жүйенің абоненттері болып табылады. Осылайша белгілі бір қаржыға оларда кез келген уақытта екінші қолданушының электронды мекен жайына мәлімет жіберуге мүмкіншілік туады. Осындай байланыс электронды пошта деп аталады. Кез келген қолданушының ЭЕМнде пошта жәшігі деп аталатын арнайы жад болады. Әрбір пошта жәшігінің электронды мекен жайы болады.
Егер қолданушы бір мәліметті тек қана өз әріптесіне емес, сонымен қатар басқа қолданушыларға да жүйе арқылы жібергісі келсе, онда ол жүйенің басқа мүмкіншіліктерін яғни хабарламалар тақтасы немесе конференцияларды қолдана алады.
Конференцияны телекоммуникациялық жүйенің бір түрі телеконференциямен шатастыру дұрыс емес.
Телеконференциялар дегеніміз электронды хаттардың көмегімен, телекоммуникацияның бір немесе бірнеше түрімен (телефон, теледидар, видеотелефон, компьютерлік телекоммуникация және т.б.) пікір алмасу.
Әрбір қолданушы өзі қызығатын телеконференциясына мүше бола алады (барлығы ондаған мыңнан асады). Осылай қолданушы өзі мүше телеконференциядан хаттар алып, өз пікірін білдіруге немесе біреудің сұрағына жауап беруіне болады.
Ғаламторда электронды конференцияның екі түрі бар:

  • Шынайы конференциялар: қолданушылар бір бірімен ешқандай кедергісіз қарым қатынасқа түседі;

  • Дискуссиялар кезінде жылдамдатылған конференциялар: көбіне электронды конференция немесе телеконференция болып аталынады.

Электронды конференциялар электронды хабарландыру тақтасының бір түрі. Бұл түрінде ортаға тасталған тақырыпқа қызығушылық білдірген барлық қолданушылар бір бірінің хаттарын оқу және жауап берулеріне болады. Әрбір конференция бір тақырыппен байланысқан бірнеше сюжетті жолдардан тұрады.
Конференциялар ашық түрде, яғни жүйенің кез келген қолданушысына қолжетімді немесе жабық түрде, яғни тек қана конференция ұйымдастырушысының басқаруымен арнайы шақырылған белгілі бір қолданушылардан ғана тұратын болып екіге бөлінеді.
Электронды конференциялар мына жағдайлар үщін қолданылады:
а) сұрақ қою;
б) басқалардың сұрақтарына жауап беру;
в) дискуссияларға қатысу (көптеген конференцияларда әркімнің өз ойын білдіруге мүмкіншілігі бар);
г) конференцияға келіп түскен хаттарды оқу;
д) қызығушылық танытқан қолданушыларға келіп түсетін ақпараттық хаттарды тарату;
е) оқыту (өздігімен білім алу және оқушылармен жұмыс жасау);
ж) қоғамдық байланыстар орнату, яғни конференцияда өзің туралы немесе өз жұмыстарың, идеяларың, жаңалықтарың жайлы әңгіме қозғау.
Конференция мәліметіне негізделе отырып, өз ақпаратын жариялаған белгілі қолданушыларды нұсқау арқылы еңбек жариялауға мүмкіншілік бар.
Люмофон деп аталатын арнайы құрылғылар арқылы шалғайдағы қашықтыққа қолданушының суретін ғана емес, әр түрлі фотосуреттерді, суреттерді және графиктерді жіберуге болады. Олар телеконференцияға қосылуы да мүмкін. Бұл жағдайда мұны телефондық жүйемен байланысқан люмофондық телеконференция деп атаймыз.
Ғаламтор қызметі, жаңалықтар сервері, электронды хат түрінде жаңалықтарды тарату болып табылады.
Ғаламтордың файлдық серверлері немесе ҒТР серверлер дегеніміз файлдардың сақтау қоры. Оларда бағдарламаларды, тексттік мәліметтерді, кітаптарды сақтауға болады. Ғаламтордың әрбір қолданушысы ҒТР сервері арқылы электронды хат жіберуіне болады.
Ғаламторды іздеу қызметі ҒТР сервер жүйесіне қосылған қажетті мәліметті табуға жағдай жасайды. Іздеу мәліметтің белгілі бір сөздері немесе ерекшеліктері арқылы жүзеге асады. Іздеу қызметіне сұраныс жіберу диалог түрінде немесе арнайы электронды хат жіберу арқылы жасалынады.
Ғаламтор жүйесінің ең көп қолданылатын іздеу қызметі – WWW (World Wide Web) болып табылады. Ол ақпарат іздеу сервері және қолданушыға ақпарат қайнарымен гипертекст арқылы жұмыс жасауына жағдай жасайды (гиперорта ақпаратты ұсыну орталығы, ал гипертекст атқарушы интерактивті ортаның бір түрі).
Телекоммуникациялық тәрбие мен оқыту процесінде білім беру шарттары өзгеруі мүмкін. Олардың көмегімен әлем мәдениеті жалпыұлттық құбылыс ретінде халықаралық жүйелердің барлық қолданушыларына қолайлы болды. Олар бүкіл шекараларды жойып, арақашықтықты азайтып, ақпаратты өңдеуге кететін уақыт көлемін қысқартады. Коммуникацияны қолдану қазіргі заманауи оқушылардың ойлау қабілетін жақсартады. Оқушы ақпаратты игере отырып, оны жинау, сақтау және жіберуді үйренеді. Бұл жағдай педагогикалық процестің субъектісі болып, оқушының өздігімен және шығармашылық жолмен тапсырмалар орындауына мүмкіншілік туғызады.
Алайда бұл процестің кері жақтары да бар. Бұл әлемдік жүйеде ақпарат ағымының көп болуынан, кейбір мәліметтердің әсіресе балалар мен жасөспірімдерге кері әсерін туғызуымен байланысты. Сондықтан қазіргі таңда мұндай мәліметтерді талғап, бүкілхалықтық қолданыстан алшақтату мәселесі туындап отыр. Бірақ хакерлердің (тіпті мемлекеттік деңгейдегі ең тылсым бағдарламаларды да аша білетін қабілетті компьютер программисттері) іс әрекеті бұл мәселені шешуге көптеген қиындықтар туғызуда.
Телекоммуникациялар оқушыларға тәрбие мен білім беру процесіне жаңа әдістер енгізеді. Олар:
А) ой пікір, идея, белгілі бір жобаның қатысушылары арасында ақпарат алмасуға, шекараны жоюға, қарым қатынасқа түсуге негізделеді;
Б) өз негізінде шынайы зерттеу әдістердін, яғни ғылыми немесе шығармашылық лабораторияны құрайды: ол қатысушылар тобына табиғат заңдарын, техника негіздерін, технологияларды, қоғамдық құбылыстарды, шығармашылықтың әркелкі түрлерін зерттеуге жағдай жасайды;
В) басқа адамдардың тәжірибесіне, басқа ұлттардың мәдениетіне негізделеді;
Г) гуманитарлы оқытудың дамуына, өмірдің аспектілеріне, адамның іс әрекетіне және олардың өз қоршаған ортасын таза қалыпта сақтауына мүмкіншілік береді;
Д) халықаралық жобаларда өз ана тілің мен шет тілдерін меңгеруге жағдай жасайды;
Е) оқушылардың сонымен қатар оқытушылардың әртүрлі қабілеттерін дамытып, оларды келешек өмірге даярлайды. Сонымен қатар компьютерлік техника мен технологияны қолдануға бейімдейді.
Оқытушы ақпаратты телекоммуникациялық техникалық мүмкіншіліктерді қолдана отырып, өз дәрісіне шексіз ақпарат көздерінен қажетті тапсырмаларды таңдауына, жаңа ақпаратты қолдануына мүмкіндік береді. Мұндай аналогикалық мүмкіншіліктер оқушыға сынып жұмысында және өзін өзі жетілдіру процесінде берілуі мүмкін.
Компьютерлік телекоммуникациялар оқушының білім деңгейін қалыптастыруына, сараптама жасауына, салыстыруына, жалпылауына, ақпаратты өңдеуіне, қажетті мәліметтерді табуына, оларды оқылып отырған сұрақтармен байланыстыруына, яғни оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына жол ашады. Оқыту процесі қарым қатынас, ақпарат іздеу және онымен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Бірінші жоспарда жаңа мәліметке деген қызығушылық туындап, ол ақпаратты жан жағындағы адамдармен бөлісуге, және белгілі бір жағдайда қолдануға қадам жасалынады.
Телекоммуникациялық білім беру арқылы жоба жүйесімен қашықтықтан оқыту әдісі дамытылады.
Телекоммуникациялық жоба оқушылардың білім беру ұйымының негізгі формасы болуы да мүмкін. Оқытудың телекоммуникациялық жүйесі бұл оқушылардың танымдық, шығармашылық немесе ойындық іс әрекеттерін қамтиды. Ол компьютерлік телекоммуникация негізінде ұйымдастырылып, жалпы мақсатқа ие болады да, іс әрекеттің нәтижесіне бағытталады. (Полат Е.С.)
Телекоммуникациялық жобалардың ерекшелігі олардың қасиеттерімен сипатталынады. Кез келген жобада бекітілген мәселенің шешімі әрдайым терең білімді қажет етеді. Бірақ әсіресе халықаралық телекоммуникациялық жобада зерттеліп отырған мәселеге байланысты терең білім ғана емес, сонымен қатар қолданушының ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін түсінуі де талап етіледі.
Телекоммуникациялық жобалар келесілерді қарастырады:

  1. Табиғи, физикалық, әлеуметтік және басқа да құбылыстарды жүйелі әрі ұзақ бақылау процесі;

  2. Құбылысты, фактті, әр түрлі мекен жайда орын алған жағдайларды салыстырмалы түрде зерттеу арқылы шешім қабылдау, ұсыныстарды реттеу;

  3. Кең қолданыстағы тапсырмалар үшін бір мәселенің немесе тапсырманың шешу жолдарын салыстырмалы түрде зерттеу;

  4. Шынайы нәтижемен шығармашылық жұмыс жасау (журнал, пьеса, кітап, музыкалық шығармашылықтарды дүниеге әкелу)

  5. Арнайы қызықты компьютерлік ойындар мен жарыстар ұйымдастыру.

Кез келген жоба барысындағы жұмыс бірнеше этаптардан тұрады:
1-нші этап: ұйымдастырушылық қасиеттері жақсы дамыған қолданушыларды іздеу және оларды ұсыну;
2-нші этап: жалпы мәселені таңдау мен өңдеу. Ол өзіне мақсаттар мен тапсырмаларды анықтауды, жоспардың өз мақсатына жетуін және бұл үшін қажетті тақырыптарды таңдауды қамтиды. Бұл этап екі жақтағы қатысушылардан да құралған оқытушылар тобынан тұруы тиіс (егер жоба халықаралық деңгейде болса).
3-нші этап: Әдістемелік аспектілер мен оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыруды талдау. Жұмыс әрбір оқушымен жекелей жүргізіледі.
4-нші этап: арнайы оқушылар тобы мен жекелеген оқушыларға қажетті мәліметтер таңдау, тапсырмалары бекітілген жоба бойынша құрастыру. Жалпы жоспар оқушылар тобының қызуғышылықтарын қарастыра отырып, тапсырмалардың этаптарын бекітеді. Осы арқылы жоспарлы нәтижелер шығарылып оларды шешу жолдары қарастырылады.
5-нші этап: жобамен жекелей жұмыс жасау (әрбір топ үшін 2-5 адам). Жақсылап өңделген тапсырмалар мен таңдалған мәлімет оқутышыға оқушылардың жұмысына араласпауға, тек жай ғана кеңесші рөлінде болуға мүмкіндік береді. Ақпаратты, ой пікірді, әр түрлі мектеп топтарынан алынған нәтижелерді интенсивті түрде алмасу ұсынылады.
6-ншы этап: жобаны таныстыру. Бұл этапта әр топ өздері айналысқан жұмысты және олардың қорытындысын әңгімелейді. Жұмыс қорытындысы кітап, журнал, видеофильм түрінде жарияланады.
7-нші этап: қорытынды шығару.
Жобалар барысындағы жұмыс формалары әр түрлі болуы мүмкін: жекелеген жобалар (жалпы жоба ішінде); бір жобада қосарланған қатысушылар жұмыс істейтін жұптық жобалар; бір жобада бірнеше ауданның қатысушылары қатысатын топтық жобалар. Жобалар электронды пошта немесе телеконференциялар түрінде іске асады. Жобаға қатысушылардың ұйымдастырушылық формалары оның тақырыбымен, мақсатымен және қатысушылардың жобаға деген қызығушылығымен байланысты. Ең маңыздысы, мұның барлығы оқушылардың жеке іс әрекеті болып табылады. Оқушылардың жоба барысындағы жетістігі ең көп дәрежеде топ ішіндегі жұмыстың ұйымдастырылуына, қатысушылар арасында жауапкершіліктің бөлінуіне бағынышты.
Жобалардың деңгейі әр түрлі болып келеді. Кейбір жобалар бүкіл сыныпты қамтиды, ал кейбірі жекелеген жобалар немесе жалпы жоба болуы мүмкін.
Телекоммуникациялық жобалар төмендегідей жолмен жіктеледі:
Иеленуші әдісіне байланысты: зерттеуші, шығармашылық, қызықты, ойындық, ақпараттық, практикалық-қалыптастырушылық;
Мазмұны бойынша: әдеби шығармашылық, табиғи-ғылыми, экологиялық, тілдік, мәдени, рөлдік ойын, спорттық, географиялық, тарихи, музыкалық. Басқалай да жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет