3 үлгі. Бірнеше оқу мекемелерінің бірлескен оқыту жүйесі. Бірнеше білім беру мекемелерінің бірлесіп білім беру түрі.
Сырттай немесе қашықтықтан оқыту жүйесінің сапасын арттыра түседі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты өз елі мен өз үйінен алыс кетпестен мемлекеттің кез келген азаматына әлемнің неше түрлі университеттері мен колледждерінде білім алу мүмкіншілігін ұсынады.
4 үлгі. Автономды білім беру мекемелері. Қашықтықтан оқыту жүйесінің мақсаттарына бағытталған оқыту жүйесі мультимедиялық курстардың жұмысын дамытады. Олардың талаптарына білімді бағалау мен білім алушыларды аттестациядан өткізу кіреді. Мұндай мекемелердің ең танымал үлгісі Лондондағы Ашық университеті болып табылады. Оқуға төленетін ақша студент жұмыс істейтін ұйым, немесе фирмалар тарапынан төленеді.