Тақырыбы: Оқыту құралдары, олардың оқу тәрбие жұмысында алатын орны Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар


Телекоммуникациялық жобалардың үлгісі



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі51,3 Kb.
#121231
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қаз ИТ Дс 7
көне түркі жазулары, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, BZhB algebra 7 (1), receipt kk
Телекоммуникациялық жобалардың үлгісі
«Мозайка» - АКТның (Ақпаратты коммуникациялық технология) құралы болып, әртүрлі әлем елдерінің мектептері жұмыс жасайтын жоба болып табылады. Бұл жобаға қатысу үшін қатысушы компьютер қолданысын, техникамен жұмыс жасауды, электрондық пошта, видеоконференциялар өткізудің құралдарын меңгеруі тиіс.
Мозайка Мозамбик пен Ямайка арасында орналасқан ойдан шығарылған аралдың атауы. Оқушылар Мозайканың экологиялық шарттарын зерттеп, бұл жерде идеал арал орнату жобасымен айналысады.
Барлық қатысушы мектептер Мозайка мен оның мәселелерін қамтыған бүкіл ақпаратқа ие буклетті алады. Мысалы онда күншуақты күндері көп, жері кебу, ал суды өте үлкен тереңдіктен алу қажетті. Мозайканың тұрғындары балық аулау және ауылшаруашылығымен айналысудың арқасында күн кешеді. Сонымен қатар бір өндіріс орталығы қоршаған ортаны ластайды. Орталық мектеп бұл Мозайка аралын орнатуға арналған орын болып табылады (ағаштан, картоннан жасау арқылы). Мектептерден түскен ұсыныстардың техникалық шешімін табу үшін LEGO DACTA құралдары қолданылады. Орталық мектептің оқушылары әр түрлі сынып оқушыларымен (9-дан 12 жасқа дейін) жұмыс жасайды, сонымен қатар тілмаштардың міндеттерін орындайды (әр түрлі тілде сойлей білетін басқа да оқушылар мен олардың ата аналары да қатысады). 
Әрбір мектеп белгілі бір экологиялық мәселені таңдайды. Қатысушылар Мозайка аралының жағдайын жақсартуға өз ұсыныстарын білдіреді. Олар тәжірибелік үлгілерді құрастырып, оларды тәжірибеден өткізеді.
Мектептің бұл жобасына қатысушыларының барлығы да үнемі орталық зерттеулер туралы ақпаратпен (тексттер, ұсыныстар, жоспарлар мен кескіндер) қамтамасыздандырылып отырады.
Оқу жылы бойынша үш рет жоба барысында барлық қатысушылардың басын қосып өзара тәжірибе алмасу және орталық мектепке идеал Мозайка аралын қалыптастыруға көмектесетін видео конференциялар өткізіледі.
Видеоконференцияны қорытындылау барысында әрбір мектеп өзі жауапты үлгіні қашықтықтан басқаруға мүмкіншілік алады.
Щукино жобасының ең негізгі мақсаты балаларды олардың кішігірім отаны Мәскеудің солтүстік батыс бөлігінде орналасқан, өздері өмір сүретін, қыдыратын және білім алатын мекен Щукинге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Жоба бойынша жұмыстар №1874нші Мәскеу мектебінде үш этапта өткізіледі. Ол компьютермен жұмысқа арналған сабақ ретінде (аптасына бір сағат) және мәскеутану сабақтарында өткізіледі. Жобаның қорытынды этапы сыныптан тыс уақытта факультатив топтарына электронды поштаны үйрету мақсатымен жүргізіледі.
1-нші дайындық этапына 250-ден астам қатысушы қатысады. Бұл этапқа оқушылар өз сынып жетекшілерімен және ата аналарымен қатысады. Балалар Щукин көшесінің бойымен жүріп, ондағы негізгі мәліметтерді қағазға түсіреді немесе суретін жасайды.
Жобаны орындау барысында балалар картография элементтерімен танысып, фото және видеоаппараттарын қолдануды үйренеді.
2-нші этап түгелімен компьютерді меңгеру сабақтарында өткізіліп, жиналған ақпарат компьютерлік өңделумен қорытындыланады: тексттерді теру және өңдеу, суреттер салу (1-2 сынып), карталар салу (3-4 сынып). Жоба қатысушылары арасындағы ақпарат алмасу мектепішілік «Менің Мәскеуім» және «Біздің мектеп» атты конференциялар арқылы электронды поштамен жүзеге асады.
Нәтижесінде оқушылар тексттік және графикалық түзетулермен танысып, олармен жұмыс жасаудың негізгі принциптерін меңгереді. Және олар электрондық жүйенің ерекшеліктерімен танысып, ақпарат алмасуға қажетті байланыстар мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
3-нші этап бұл уақытқа дейінгі жасалынған жұмыстардың нәтижесіне негізделе отырып, ақпаратты таңдау байқауы арқылы жүзеге асады. Алдымен мұнымен топтар мен сыныптар айналысады, кейіннен жоба жұмысына төрағаның функциясын орындайтын жоғарғы сынып оқушылары қосылады. Мұнан бөлек жоғарғы сынып оқушылары аудан көшелерінде түсірілген фотосуреттерді компьютерлік өңдеуден өткізіп, сабақ үстінде видеоматериал ретінде қолдануға жағдай жасайды. Бастауыш сынып оқушылары жобаға белсенді түрде қатыса отырып, күтпеген сыйлыққа ие болады: оларға кез келген конструктор түрінде мөлтекаудан үлгісін жасау тапсырмасы тапсырылады.
Бұл этапта оқушылар әр түрлі форматтағы тексттерді оқитын сканер жұмысымен, видеофильм кадрларын түзетумен, видеофрагменттердің компьютерлік өңделуімен, сонымен қатар тексттерді форматтаумен толығымен танысады.
4-нші этап таңдалған мәліметтердің жиынтығын қолданбалы HyperStudio бағдарламасын қолдана отырып бір гипертекстке жинақтайтын (28 балалар суреті, 24 фотосурет және көлемі 150 Кбтан астам текст) қорытындылаушы жоба. Мұндай жұмыс бір адам арқылы яғни 10-сынып оқушысының техникалық және бағдарламалық қолдауымен 9-сынып оқушысы тарапынан жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет