Тақырыбы: Оқыту құралдары, олардың оқу тәрбие жұмысында алатын орны Мектептік білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар



бет6/6
Дата08.02.2022
өлшемі51,3 Kb.
#121231
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қаз ИТ Дс 7
көне түркі жазулары, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, Та ырыбы «Windows операциялы ж йесі. Негізгі объектілер. Сілте, BZhB algebra 7 (1), receipt kk
5 үлгі. Автономды оқыту жүйелері.
Оқытудың мұндай жүйелері теледидар құралдары, радио бағдарламалары, сонымен қатар қосымша баспа мәліметтері арқылы жүзеге асады.
6 үлгі. Мультимедиялық бағдарламаларға сүйенген қашықтықтықтан оқыту жүйесі.
Мұндай бағдарламалар белгілі бір себептерге байланысты мектеп қабырғасында білімдерін жалғастыра алмай қалған үлкен жастағы адамдарға арналған.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің үлгілерінің мақсаттары:

  1. Білім беру бағдарламаларының көмегімен білім алушылардың білімін кеңейту;

  2. Арнайы емтихандардың нәтижесімен оқуды аяқтағаны үшін аттестатқа немесе жұмыс сапасының жақсарғанын білдіретін арнайы деңгейге ие болу;

  3. Мектеп және жоғарғы оқу орындарының студенттеріне әр түрлі бағыттар бойынша сапалы білім беру.

Энциклопедиялар үлгісі текстті тарату, ақпараттың көлемін азайту, ақпараттың ерекшеліктерін көрсету сияқты жұмыстарды орындайды. Электронды энциклопедия фотосуреттер, дыбыстар, музыкалық мәліметтер мен видеофрагменттерді қамтиды.
Компьютерлік слайд фильмдерінің (КСФ) үлгісі: КСФ дыбыс, музыка, кинофрагменттерді қамтиды. Олар үзіліссіз тамашалауға арналған.
Виртуалды әлем үлгісі (ВӘ) әр түрлі объектілерінің, қала аумағының, музей залының, көрмелердің т.б үш деңгейлік электронды үлгісі болып саналады. Олардың әсерімен адам өзін музей залында жүргендей сезінеді.
Қашықтықтан оқыту барысындағы қиындықтар:

  1. Көптеген оқушылар мен оқытушылардың компьютермен немесе телекоммуникациялық технологиялармен жұмыс істей алмауы;

  2. Ақыл ойы әлсіз дамыған, яғни өздігімен жұмыс істей алмайтын оқушылармен жұмыс істеудегі қиыншылықтар;

  3. Қатаң тәртіп пен жауапкершіліктің талаптары; яғни берілген барлық тапсырмалар оқытушыға өз уақытында жіберілмесе, бұл топтағы бүкіл оқушылардың жұмысының мерзімін баяулатады.

  4. Сұранысты шет тілінде жүргізу қажеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет