«Тарих ғылымының функциялары»
Адамзат қоғамында қай ғылымның болмасын өзіндік фишкалары,қызметтері,өзіндік орны бар екені бәрімізге мәлім.Әр ғылым өз ерекшелігіне сай қызмет түрін атқарады.Мысалы,жаратылыстану ғылымдары неше түрлі есептер мен сан-салалы жаңа техникаларды,технологияларды ойлап табуға бағытталса,қоғамдық ғылымдар бір мәселенің тарихын зерттеуге,болмаса басқада мәселелердің қыр-сырын ашуға бағытталады.Соның ішінде тарих ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың арасында алар орны өте үлкен. Жалпы осы қоғамдық ғылымдардың арасында тарихтың қаншалықты пайдасы бар ол қандай функциялары арқылы ерекшеленді?-деген сұрақ жалпы ғалымдарды ежелден-ақ ойландырып келген.Оған келтірер дәлел мен мысал біреу: Тарих-адамзат баласына өткенін ұғындыратын жалғыз бірден-бір ғылым түрі.
Жалпы осы ғылымдардың функциялары тұрғысында соның ішінде Тарих ғылымдары функциясы тұрғысында академик ғалым Манаш Қозыбаев өзіндік ойын білдірген екен.Жалпы қай ғылымның болмасын өзіндік әлеуметтік функциясы болады.Ғылым өзі үшін емес әлеумет,халық үшін қызмет ететін сала. Ал тарих ғылымының қоғамдағы әлеуметтік рөлі ерекше. Әсіресе XIX ғасырдың орта шенінде тарих ғылымының беделі, оның қоғамдағы орны және қажеттілігі тым жоғары болды. Бұл уақытты кейде тарихтың «алтын ғасыры» деп те атайды. Ол кездегі тарихи білім жэне ғылым қоғамдық қажеттіліке байланысты дамыды. Тарихшылар өз ғылымын қолданбалы дәрежеге дейін көтерді. Олар ел басқарып отырғандар, саясаткерлер мен саясатқа әсер етуші беделді азаматтар тарихи зандылыктарды білуі қажет деп ойлады. Білімсіздік, әсіресе тарихи үрдістер мен қоғамның даму заңдылықтарын ескермеу әлеуметтік катастрофаға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.
Тарихтың ғылым ретінде соның ішінде қоғамдық ғылым ретінде оның табиғатын айқындайтын негізгі әлеуметтік функциясы халықтың, жеке тұлғалардың өткенін ұмытпау, есте сақтау.Бұл басты атап өтуіміз тиіс функция.
Тарихтың атасы атанған көне грек тарихшысы Геродот «тарихта өткен оқиғалар уақыт өте келе ұмытылмауы тиіс,оқиғалардың ұлылығы мен таңданысқа толы шақтары есте қалуы тиіс,кез-келген тарихи оқиға ескерусіз қалмауы керек» деп жазған болатын. Міне осы тарихшының жинап, ғылымға кіргізген деректері осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оның қазақ жерін көне заманда мекендеген тайпалары жөніндегі мәліметтері бүгінде қазақ тарихының негізгі деректерінің бірі болып отыр. Қазіргі кезде тарих ғылымының әлеуметтік - саяси функциясы жөніндегі түсінік мүлдем басқаша. Кешегі тәулесізідік алған жылдары азаттық рухының ірге тасын нығайту барсында, егемендік идеясын халық санасына сініру мақсатында тарихи сананы қалыптастыру кезек күтірмейтін мәселе. Бүгінгі тарихшылар алдында адамзат қоғамының ғасырлар бойғы саясат, шаруашылық және мәдениет саласындағы тәжрибелерін жинақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу. Егер өткен заманның сабақтарын ескермесек, оларды күнделікті ісімізде пайдаланбасақ алға жылжу да болмас еді. Сондықтан тарих өркениет пен ұрпак арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Тарих ғылымының осы биікте, әрі мәртебелі міндетін М.Қ. Қозыбаев алғашқылардын бірі болып түсінді. Ол өзінің 1992 жылы жарық көрген «Ақтаңдақтар ақиқаты» енбегінде «Егер тарих ғылымының алдында тұрған міндеттерді бетбұрыс кезеңінің талаптары түрғысына саралайтын болсақ, тарихшылардың туған халқы алдындағы қарызы белшесінен екені айқын көрінеді. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы тарих ғылымы алдымен Сталиндік жосықсыздықтардың, содан кейін волюнтаризм мен субъективизмнің, тоқырау идеологиясы мен психологиясының шырмаусында болып келді». Сүйтіп ол тарих ғылымының танымдық функциясы оның саяси функциясына тәуелді екендігін дәлелдеді. Барлық ғылымдарға тән ғылыми-танымдық (эвристикалық) функциясы тарих ғылымына да қатысты. Қоғам алдында тұрған көптеген проблемаларды шешу барысында оған қажетті тарихи білім беру ғылымның қасиетті борышы.
Қандай да болмасын халық өз тарихын,өткенін білгісі келеді. Әсірісе қазақ халқы тумасынан тарихшыл халық.Тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі - оның тарихишылдығы. Қара халықтың тарнхтан хабардарлыгы мейлінше жогары болған. Керек десеңіз, білім институттарының дамыган жүйесі бар бүгінгі күннің өзің бұрынғы қа-зақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салысыруға болмайды» деп жазды. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», «Өткенге топрақ шашсаң келешек саған тас атар» деген мақалды өзінің өткенін қадірлеген халык қана тудырары белгілі. Соңғы жылдары әрбір ру мен ұлыстардың шежіресі жазылып, батырлар мен ақындарға, билер мен шеше-ндерге ескерткіш орнатылып, ас беріліп жатқандығы құптарлық іс. Сондықтан да тарихтың негізгі міндеті қоғамның өткенін кастерлеп, бүгінгісін пайымдап, келешегін анықтауы қажет. Тарих ғылымының екінші бір функциясы - халықтың тарихи санасын ояту. Тәуелсіздік алған алғашкы жылдары қазақ тарихының қоғамға қажеттілігі ер-екше көрінді. Барлық мерзімді баспасөз беттерінде халқымыздың өткен жөнінде мақалалар топтамалары жарық көре бастады.
Тарих ғылымының тәрбиелік функциясы жөнінде көне және орта ғасырларда өмір сүрген тарихшылар айтып кеткен болатын. Антика заманында өмір сүрген батырлардың өмірбаяның жазған Плутарх өзінің негізгі мақсаты жастар тәрбиесі екендігін жазған. Дегенмен осы күндері кейбір тарихшылар тарих ғылымының мүндай функциясына күмәнмен қарайды. Бүгінгі болып жатқан құбылыстарды қоғамда болып өткен оқиғалармен салыстыруға болмайды дейді олар. Сондықтан да адамзат басынан өткізген тарихи тәжірибені бүгінгі мәселелерді шешуге пайдалану шыныда да мүмкін болмас.
Өз еліңнің тарихын қандай мақсатпен оқу керек? Бұл сұраққа тарихтың әлеуметтік функцияларын анықтай отырып, жауап бере аламыз.
Бірінші функция – танымдық, зияткерлік дамытушы, бұл Ресей мен оның халқының тарихи жолын зерттеу болып табылады, себебі тарихи түбірін біліп алмай, осы шақ үрдістерінің құрамдас бөліктерінің бүкіл күрделілігі мен қарама-қайшылығын түсіну мүмкін емес. Сөйтіп, орыс ойшылы Н.Г. Чернышевский, сан алуан ғылымды білмей білімді адам болуға болады, бірақ тарихты білмей білімді болу мүмкін емес деп есептеген.
Екінші функция – саяси. Ол болашақта қателік жібермеу мақсатында, қоғам дамуындағы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи факттарды талдау мүмкіндігін береді. Қоғамның қайта және қалай дамуын анықтау үшін, қайдан, қандай жағдайдан келгенін және өзінің тарихи жолын қалай өткендігін білу керек. Өткен, осы және келер шақ бірлігінде – адамдардың өз тарихына қызығушылық түбірі бар.
Үшінші функция – ғылыми дүниетанымның айтарлықтай дәрежеде қалыптасуын белгілейтін, дүниетанымдық. Дүниетаным (өмірге, қоғамға деген көзқарас, оның даму заңдары) объективті шынайылыққа сүйенсе, ғылыми болуы мүмкін. Қоғамдық дамудағы объективті шынайылық – бұл тарихи фактілер. Тарих, оның фактологиялық жағы қоғам туралы ғылым негізделетін іргетас болған және болып табылады. Тарихи сауатсыздықты қоғам туралы догмалар және жалған ғылымды жақтаушылар пайдаланады, себебі адамдар тарихи фактілерді білмей барлық идеологиялық құрылымдар мен болжамдарға сенуге мәжбүр.
Тарихтың тәрбиелік функциясы адамның жан-жақты тәрбиеленуіне себепші болады, оның азаматтық сапаларын қалыптастырады, қоғамдық адамгершілік және мәдени құндылықтарының жинақталуына көмектеседі.
Әлеуметтік жад функциясы тарих ғылымының өткен және осы шақ арасындағы байланыстырушы буын болып табылатынында. Тарихи білімдер рухани мәдениеттің қажетті элементін құрайды, онсыз қоғамның ілгерілемелі дамуы мүмкін емес.
Қазір оқып жатқан түрдегі тарих пәні бірден анықталған жоқ. Тарих ғылымының мазмұны кеңейіп, байыды, білім жинақтамасының өсу үрдісі жүрді. Қазіргі уақытта тарих адамзат қоғамының сан алуандығының дамуы туралы ғылым ретінде қаралады. Өз кезегінде, қоғам тарихы бүкіл адамзатты құрайтын, белгілі бір өзара байланыстағы жекелеген адамдар, адамзат қауымдастықтарының нақты және көп түрлі әрекеттері мен қимылдарының жиынтығын құрайды. Осыдан, тарихты зерттеу мәні адамдардың қызметі мен іс-әрекеті, яғни қоғамдағы қатынастардың бүкіл жиынтығы болып табылады. В.О. Ключевский тарих болмысы туралы былай деп жазған: «Жеке ғылым, ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде тарих мазмұны тарихи үрдіс, яғни адамзаттың қоғамдық тұрмысының жағдайлары мен табыстары немесе оның дамуындағы және нәтижелеріндегі адамзат өмірі болып табылады».
Қорытындылай келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні адам баласы өз тарихын түрлі функциялардың көмегі арқылы оңайырақ танып,біле алады.Әр функцияның тарих ғылымында алар орны ерекше.Әрқайсысын дұрыс мақсатта пайдалана білу кез-келген адам баласның өз қолында.Себебі адам өз өмірінің суретшісі.Кез-келген адам баласының өзіндік тарихы бар.Себебі бүгінгі күн-ертеңгі тарих!
Достарыңызбен бөлісу: |