346
кепкен соң – №1 құрамның екінші қабатын жағады. Келесі қабатты
жағу үшінші №° 1 құрам бойынша жүргізіледі, ол бірден ұзындығы
бойынша емес, ал біртіндеп 100 мм ұзындықта бөлшектеліп
жағылады.
Арнайы орындалудағы КВВ бітеулерін кабель ұштарының
орналасу деңгейі әртүрлі болғанда қолданылады. Олар бірінші және
екінші орындалудың бітеулерінен, тарамдарды оқшаулауға арналған
ораманы
поливинилхлоридті
лентаның
бес
қабатынан
орындайтынымен, ал бітеу түбін тығыздауды №2 поливинилхлоридті
құрамның орнына эпоксидті компаундпен орындайтынымен
ерекшеленеді. Тарамдардың ұштығы
мен оқшаулауы арасында
жүргізетін арнайы орындалудағы КВВ бітеулерін, әр орамды
эпоксидті крмпдаунмен молынан майлап, мақта лентамен жүргізеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1. Кабельдердің ұшын бітеу не үшін жүргізіледі?
2.Кабельдердің ұшын бітеу кезінде қандай құралдар, құрал-
саймандар мен материалдар қолданылады?
II.
1. Эпоксидтік компаунд көмегімен кабель ұштарын бітеу нені
білдіреді?
2. Поливинилхлоридті лентаның
көмегімен кабель ұштарын
бітеу нені білдіреді?
III.
1. КВВ бітеу кезінде кабель тарамдарының ұшын престеудің
ерекшеліктері қандай?
2. Әртүрлі орындаудағы КВВ бітеудің ерекше өзгешеліктері
қандай?
10.4.
Блоктарда сым тораптарын тарту
Кабелді блок механикалық бұзылыстардан жерде тартылатын
кабелдерді қорғауға тағайындалған құрылғыны немесе үй-жайды
атайды.
Әдетте блок бірнеше құбырлардан (асбестцементті, керамикалық
және т.б.) немесе темірбетонды элементтерден (панелдерден) және
оларға
қатысты құдықтардан тұрады
Блоктарда сым торабын тарту кезінде оларды трасса бойымен
оналастырады. Темірбетонды плиталарынан блок құрылғылары
туралы деректер 10.8 кестесінде келтірілген.
Әрбір сым блогы 10 % дейінгі сақтық каналдарын қамтуы мүмкін
(бірақ біреуден кем емес). Сым блоктарын жерде тарту тереңдігі
жергілікті талаптардың есебінен қабылданады, бірақ ол траншеядағы
кабелдерді тартудың рұқсат етілген тереңдігінен кем болмауы шарт.
347
Трасса бағытын немесе блоктарда
тартылған сым тораптарының
тармақталуын өзгерту орындарында және сымдардың блоктан жерге
өту жерлерінде сым құдықтары салынуы тиіс, олар жаңадан
салынатын сымды қолайлы тартуды және оларды қолданыс
үдерісінде жедел ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Блоктарда сым тораптарын тарту
кезінде траншеяда тарту
кезіндегі тура сол талаптар, сонымен қатар, блок канализациясының
ерекше талаптарына орай қосымша талаптардың бірқатары
орындалуы тиіс.
Блоктарда сымды тарту алдында оның күйі мен ұзындығын
тексеріп алу керек: сымда ешбір майысқан,
бұзылған сауыт немесе
басқа да кемістік болмауы тиіс, ал оның ұзындығы блок
құдықтарының арасындағы қашықтықтан 5...6 м кем болмауы шарт.
10.8 кесте
Достарыңызбен бөлісу: